Талантты тұлға есімі дәріптелді
Аудандық мәдениет үйінде Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында ақын, әнші, термеші, режиссер-драматург Әмір Мәжитовтің шығармашылығына арналған "Театр - ғұмыр" атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.
Шараға ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Бақытбек Алпысбаев, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Қожа Бақтияр Абдуллаұлы, ҚР-ның Мәдениет қайраткері, ақын, режиссер Оңталап Нұрмаханов, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Камила Әбжанова және т.б. өнер майталмандары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов рухани-танымдық шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Кеш барысында мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылып, Ә.Мәжитовтің "Бір үзім нан" спектаклі сахналанды.
Сондай-ақ, "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы арқылы түсірілген "Дала дарыны" атты деректі фильм көрсетілді. Театр өнерінде өшпес қолтаңбасын қалдырған талант иесі Әмір Мәжитовтің рухани мұралары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, елмен бірге жасай бермек...