№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Фариза Төреәлі онкологиялық ауыруға күдік бар екенін айтты

Фариза Төреәлі онкологиялық ауыруға күдік бар екенін айтты



Блогер, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі Нейроэндокриндік ісікке күдік бар екенін айтты. Ол қазір Стамбулда диагностикалық тексерістен өтіп жатқанын айтты.
"Неден бастарымды білмей тұрмын. Бірақ, бөліскім келіп тұр. Бәрін толық айта алмасам да, шет жағасын біліп жүріңіздер. Неге қуанышты сәттерімді бөлісе беремін дедім өзіме. Сіздер менің екінші отбасым, әрқашан қолдайсыздар, бірге қуанасыздар, бірге көп сәттерді бастан өткізіп келеміз. Қазір де кішігірім сынақтан өтіп жатырмын. Алланың мейірімі сондай шексіз, не болса да қабылдаймын. Онкология бойынша диагностикаға келдім. Елде нақты ештеңе айта алмады, бірақ өзгерістер бар екен. Нейроэндокриндік ісікке күдік бар, тексерілу керек. Аздап мән бермей жүрген едім. Дархан жай қалдыруға болмайды деп қатты кірісті. Тіпті маған айтпай Стамбулға билет алып қойыпты, деді ол.Блогерге ағасы мен жеңгесі Түркиядағы жоғары деңгейдегі емханаларды таңдап берген.
Елде тексерілеміз деп қанша күн сандалдық. "Бұлай болмайды" деп Дархан барлық жолдарын қарастырды. Жарыма алғысым шексіз. Маған білдірмей, көңілі босап жүргенін байқадым. Әлем бойынша мықты онколог екен. Жақында Германиядан келіпті. Барлық анализдерді тапсырдық. Қан мен биопсия анализдерін салыстырады. Енді үш-төрт күннен кейін нәтижелері белгілі болады. Шок болып жүрмін. Бұның барлығы менімен болып жатпаған секілді. Басында түк елемедім, деп жазды Фариза.
19 қараша 2023 ж. 147 0