№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Улы химикаттарды пайдаланудағы Заң талаптары

Улы химикаттарды пайдаланудағы Заң талаптары


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023жылғы 27 маусымдағы 249 бұйрығында зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
      Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Улы химикаттарды пайдалану кезіндеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы№ 197 бұйрығының талаптарын сақтау қажет.
Улы химикаттарды арнайы фирмалардан сатып алу, химиялық өңдеу жұмыстарын арнайы лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға жасату, қоршаған ортаға қауіпсіз арнайы сақтау орындарда сақтау, улы химикаттың қалдықтарын немесе бос ыдыстарын арнайы залалсыздандыру жүргізуді рұқсаты бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыруы тиіс.
Улы химикаттардың қоршаған орта мен адамдарға және жан-жануарларға қауіпсіздігін бақылау мақсатында Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы фитосанитариялық бақылау жұмыстарын тұрақты жүзеге асырады.
ҚР АШМ АӨК МИК
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының
Бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі
мемлекеттік инспекторыД.Скаков
05 қараша 2023 ж. 175 0