Улы химикаттарды пайдаланудағы Заң талаптары
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Улы химикаттарды пайдалану кезіндеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы№ 197 бұйрығының талаптарын сақтау қажет.
Улы химикаттарды арнайы фирмалардан сатып алу, химиялық өңдеу жұмыстарын арнайы лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға жасату, қоршаған ортаға қауіпсіз арнайы сақтау орындарда сақтау, улы химикаттың қалдықтарын немесе бос ыдыстарын арнайы залалсыздандыру жүргізуді рұқсаты бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыруы тиіс.
Улы химикаттардың қоршаған орта мен адамдарға және жан-жануарларға қауіпсіздігін бақылау мақсатында Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы фитосанитариялық бақылау жұмыстарын тұрақты жүзеге асырады.
ҚР АШМ АӨК МИК
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының
Бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі
мемлекеттік инспекторыД.Скаков