№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Маусым айының үшінші жексенбісі - Медицина қызметкерлерінің күні.

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ақ халатты абзал жандар! Сіздерді бүгінгі Медицина қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.


Азаматтардың денсаулығына алаңдап, ауруына шипалы ем - дом жасайтын дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтейді. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің, шипалы алақандарыңыздың, мейірімді жүректеріңіздің шарапатын көрген халықтың айтар алғысы шексіз.
Ұлт саулығы жолындағы мемлекет жүктеген межелі міндеттерді мінсіз атқарып, мәртебелеріңіздің асқақтай беруіне шынайы тілектестік білдіремін. Қызметтеріңіздің берекесі мен беделі артып, абыройларыңыз асқақтай берсін.
Отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге мықты денсаулық тілеймін!

Құрметпен,
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
---
19 маусым 2022 ж. 752 0