Соңғы жаңалықтар

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ақындар айтысы асқақтап өтті

Ақындар айтысы асқақтап өтті



Жаңақорған ауданының 95 жылдығы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 95 жылдығына орай "Мен елдікті жырлаймын" атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Ақындардың басын қосқан дүбірлі додаға халықаралық, республикалық айтыскерлер Бекарыс Шойбеков – Түркістан облысы, Жансая Мусина – Батыс Қазақстан облысы, Нұрмат Мансұров – Қызылорда облысы, Айбек Қалиев – Қостанай облысы, Есенбек Киізбаев – Қырғызстан Республикасы, Мөлдір Айтбай – Қызылорда облысы, Мақсат Аханов – Қарағанды облысы,
Тұрар Тлеулиев - Түркістан облысы сынды 8 айтыскер қатысып, бақ сынады.
Айтысқа Қазақстанның Халық ақыны Әсия Әйіпқызы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын Беркінбаев Дүйсенбек Аяшұлы төрелік етті.
Аламан бәйгені халықаралық және республикалық ақындар айтысының бірнеше рет жүлдегері, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов тізгіндеді.
3 сағатқа созылған аламан айтыстың нәтижесінде І орын түркістандық Тұрар Тілеулиев, Бас жүлдені қостанайлық дүлділ Айбек Қалиев иеленді
22 қазан 2023 ж. 233 0