№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балмұхаммедтің бағы жанды

Балмұхаммедтің бағы жанды


Жұма күні Қазалы ауданында көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз» атты облыстық клуб қызметкерлері арасында монолог оқу байқауы болып өтті. Байқауға ауданымыздан Кейден ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Балмұхаммед Әбжаппаров қатысып, жүлделі II орынды иеленді.


Мәдениет халықтың руханиятын байытып, жан дүниесін нұрландырып, өркениет көшіне бастайтын сала. Ауданда Кейден ауылының мәдениеті мен өнерінің шоқтығы биік екені көпшілікке белгілі. Ал, осындай клуб үйінің басшысы Балмұхаммед Әбжаппаров жетекшілік ететін әзіл-сықақ отауы бұған дейін де республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп, нағыз өнердің қайнаған ортасына айналған. Мұның өзін аудан мәдениетіне қосқан үлес деп бағдарлауға болады. Кезекті байқауда жеңіспен оралған Балмұхаммедпен жүздесіп, қуанышымен бөліскен едік.

– Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, қазақтың маңдайына біткен асыл азаматы Оралхан Бөкейдің құрметіне өнер байқауы өтті. Шығармашылық – бұл ізденіс, кез-келген іске үлкен жауапкершілікпен, терең көзқараспен қарау керек. Шығармашылықпен айналысу барысында адамның таланты, қабілеті ашылады. Оның рухани жан дүниесі байиды және іс-әрекетіндегі белсенділігі артады. Ал, адамның белсенділігінің артуы оның өміріндегі кедергілер мен қиындықтарға бой алдырмауына көмектеседі. Сондықтан да, байқаудан тек шыңдалып, рухани күш-қуат аласың, – дейді ол.

Иа, өр тұлғалы Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған байқаудан жеңіспен оралған Балмұхаммед Әбжаппаровқа сәттілік тілейміз. Әрдайым ауданымыздың абыройын асқақтатып, мерейін үстем ету жолында қанатыңыз талмасын дегіміз келеді.

Әсел Рзаева
18 қазан 2023 ж. 206 0