Алматы қаласының медициналық ұйымдарын қаржыландыруға 300 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған
Алматы қаласының емханасында учаскелік дәрігерлерге ғана емес, кеңейтілген практика медбикелеріне де қабылдауға жазылуға болады. Соның нәтижесінде кезек күту мәселесі жоқ. Ал қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында бас миын тексеру кезінде патологиялық өзгерістердің бар-жоғын жедел анықтау үшін жасанды интеллект элементтері бар мобильді қосымша пайдаланылады. Бұл қолданыстағы жалғыз ноу-хау емес. Алматы қаласының медициналық ұйымдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысына өз жұмыстарын көрсетіп, өзекті мәселер туралы баяндап және оларды шешу жолындағы озық тәжірибесімен бөлісті.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов денсаулық сақтау саласына қандай жүйелі шешімдер қажет екенін дәрігерлердің өздерінен есту үшін әрі олардың жұмыстарымен танысу мақсатында Алматыдағы медициналық ұйымдарды аралады.
Кейде медициналық көмектің бір түрі мен қаржыландыру механизмі бойынша алуан түрлі жағдайлар қалыптасады. Атап айтқанда, тіркелген халық саны әлдеқайда аз клиникалар өз қызметін дамытып отырса, ірі емханалар қаражаттың жетіспеушілігіне, кадрлардың, жабдықтардың жоқтығына, өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуіне шағымданады. Десе де, мемлекеттік медициналық ұйымдарға жергілікті билік тарапынан қымбат құрал-жабдықтарды сатып алу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мамандарды оқыту, көтерме жәрдемақы төлеу арқылы мамандарды тартуға жағдай жасау, тұрғын үй беру сынды қолдау түрлері көрсетіледі.
Қор басшысы алдымен осы жылдың 7 айында 10 мыңнан астам пациентті емдеп, оның 7 мыңға жуығына ота жасаған №4 қалалық клиникалық ауруханаға барды. Онда Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарына, кейбір профильдер бойынша (комбустиология, травматология) қала тұрғындарына шұғыл көмек көрсетіледі. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірінен келген пациенттер емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша жоспарлы түрде емделеді.
Бұл – күйік бөлімшесі бар қаладағы жалғыз аурухана. Сондай-ақ мұнда ауыр жарақаттары бар науқастарды емделуге әрі медициналық оңалтуға жібереді. Дегенмен, бас дәрігер Біржан Досжанов атап өткендей, күйік шалған және ауыр жарақатпен түскен пациенттердің еміне төленетін ақы барлық шығынды жаппайды. Себебі пациенттердің реанимацияда ұзақ уақыт болуына байланысты емдеу әлдеқайда қымбатқа түседі.
Мұнда жоғары технологиялық операциялар мен жоспарлы емдеуге жатқызу саны артса, шұғыл медициналық көмекке жүгінетіндер, өлім-жітім көрсеткіші азайып келеді.
№5 қалалық емхана үздік тәжірибелер орталығы және медициналық университеттердің оқу базасы болып саналады. Мұнда қала тұрғындары үшін гепатоорталық, эндоскопиялық бөлімше жұмыс істейді. Десе де, Қор басшысы дәліздерде ығы-жығы халықтың жоқтығына таң қалды. Бас дәрігер Гүлшахира Қамбарованың айтуынша, емханада байланыс орталығының жұмысы дұрыс жолға қойылған. Емханаға тіркелген азаматтар (басым бөлігін қаланың егде жастағы жергілікті тұрғындары құрайды) телефон арқылы алдын ала жазылуға дағдыланған. Олар кезекте тұрмай, белгіленген уақытта келеді. Ең қызығы, мұнда кеңейтілген практикалық медбикелер де пациенттерді қабылдайды, оларға жеке жазба бар. Медбикелер арнайы оқытылып, диспансерлік есепте тұрған және ауруларды басқаратын бағдарламалар аясында қатысатын пациенттерге қызмет көрсетеді. Өз кезегінде бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтады. Бұл пациенттер үшін үйреншікті жағдай, белгілі бір медбикеге жазыла береді. Ұйымды басқару ісінде ыңғайлы шешімдердің ішінен емхана кіре берісінде тіркеу орнынан бөлек, әкімгерлердің жұмыс аймағының болуын ерекше атап өтуге болады. Олар адамдарға МӘМС есебінен медициналық көмек алу кезінде туындаған сұрақтарына жауап беріп, алдын ала жазылмаған жағдайда мамандардың қабылдау кестесін нақтылап, пациентке бағытын түсіндіреді. Ал холлда дәрігерлердің кабинеттері мен жұмыс уақыты көрсетілген электронды табло ілулі тұр.
Keruen Medicus клиникасы алғашқы медициналық санитарлық көмекпен қатар, стационарлық емдеу қызметтерін ұсынады. Стационардың төсек-орын қоры хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық, қалпына келтіру емі және кардиология, неврология, травматология бойынша медициналық оңалту профильдері бойынша ұсынылады. Бас дәрігер Маржан Чанканованың айтуынша, мұнда бүйрегін ауыстырған пациенттер динамикалық бақылауға алынады. Олар нефрологтың диспансерлік есебіне тұрып, қызмет алу үшін өздерін осы клиникаға тіркеуді сұрайды. Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен аумақтарға байланысты қайта бөлу жүргізілді. Алайда тұрғылықты жері бойынша басқа емханаларға тіркелген тұрғындар бертін бұл клиникаға қайта оралды. Сәбит Ахметов бұл пациенттің еркін таңдау құқығына байланысты қызмет пен сапаны қалайтындығының көрсеткіші екенін атап өтті. Жұмыс сапары барысында ол қалалық мекемелердің медицина қызметкерлерімен кездесуде мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсету дағдыларын өзгертіп, пациенттер басқа ұйымға ауысып кетпеуі үшін қолайлы жағдай жасауға талпыну керектігін баса айтты.
Аталмыш клиникада диагностикалық тексерулер жүргізуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Сондықтан онда тіркелген пациенттерді толық қамтамасыз етуге әрі консультативті-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуге жол бермеу үшін басқа алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдармен бірлесіп орындау шарты бойынша жұмыс істемейді.
Ізінше Қор басшысы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жұмысымен танысты. Мекеменің қаржылық жағдайы күрделі. Өйткені Үкімет қаулысына сәйкес, жыл сайын қызметкерлердің жалақысын (дәрігерлерге – 30%, медбикелерге – 20%, кіші медициналық қызметкерлерге – 18%) көтеру қажет, бұл бюджетке үлкен жүктеме түсіреді. Осыған сай аталмыш аурухана дәрігерлер санын біршама қысқартқан. Бірақ соған қарамастан, қаражаттың 70%-дан астамы жалақыға жұмсалады. Өйткені жедел жәрдем ретінде олар барлық қажетті бөлімшелерді қамтуы керек.
Пациенттердің көбі мұнда шұғыл түрде түседі және медициналық көмектің толық кешенін қажет етеді. Оған реанимацияда ұзақ уақыт болу, қосымша ауруларды емдеу, қымбат дәрілерді қабылдау кіреді. Бұл әсіресе инсультке шалдыққан жандарға қатысты. Дегенмен, емдеуге жұмсаған шығынды есептеген кезде оларға шамамен үш есе төмен төлем жасайды. Сондықтан аурухана үшін тарифтерді көтеру өзекті мәселе болып отыр.
Қаржылық қиындықтарға қарамастан, аурухана дәрігерлері жаңа ақпараттық технологияларды зерттеп, жұмыста жасанды интеллекті қолданады. Мысалы, олар нейрохирургия диагностикасы кезінде Сerebra жасанды интеллект элементтері бар ақпараттық жүйені пайдаланады. Ол мидың компьютерлік томография суреттерін жүктеуге және патологиялық өзгерістерді тануға мүмкіндік береді. Оны қолдану ыңғайлы. Кез келген дәрігер мобильді қосымша арқылы жүйеге кіріп, компьютерлік томография нәтижелерін бағалай алады. Бұл әдіс ауруханада қажет маман болмаған кезде қолданылады. Сондай-ақ медициналық суреттерді сақтауға арналған PACS жүйесі бар. Оған арнайы мобильді қосымша арқылы кіреді.
Сонымен қатар бас дәрігер Алмаз Джувашев басшылық ететін жедел медициналық жәрдем ауруханасы Up to Date ақпараттық жүйесіне кіру грантын жеңіп алды. Бұл – дәлелді медицина қағидаттары бойынша қалыптасатын ғаламдық ақпарат базасы. Оны практикалық дәрігерлер клиникалық шешімдер қабылдау үшін және ауыр жағдайларда қолданады. База Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, практик мамандардың бейіндік қауымдастықтарының ұсынымдарын ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады. Бұл материалдар дәрігерлерге диагноз қою, қатар жүретін патология болған кезде емдеу тактикасын таңдауға көмектеседі.
Айта кетерлігі, қазір Алматы қаласының медициналық ұйымдарында шығындарды есептеу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Мысалы, бұрын дәрі-дәрмектің таратылуын тек бөлімше деңгейінде есептеу мүмкін еді. Қазір медицина қызметкерлері берілген дәрі-дәрмектер туралы мәліметтерді жүйеге енгізе алады. Бұл қаражаттың дұрыс жұмсалуын, төлем үшін қолдалынатын тарифтердің дәлдігін, сондай-ақ медициналық ұйымның әрбір пациентті емдеуге қанша қаражат жұмсайтынын қадағалауға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Алматы қаласының медициналық ұйымдарын ТМККК және МӘМС есебінен қаржыландыруға 300 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.