№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘМСҚ басшысы Павлодар облысының Медициналық жұртшылығымен кездесті

ӘМСҚ басшысы Павлодар облысының Медициналық жұртшылығымен кездесті


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары аясында МӘМС жүйесін іске асырумен танысу үшін бірқатар медициналық ұйымдарды аралап, медициналық жұртшылықпен кездесу өткізді. Клиникаларға бару кезінде Сәбит Ахметов пациенттермен сөйлесіп, медициналық көмекке жүгінудің себептерін білді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов жергілікті жерлердегі нақты жағдаймен танысу және дәрігерлер мен пациенттердің проблемалары туралы білу үшін өңірлерді аралап жүр.
Бүгін Қор басшысы Павлодар облысына келді. Жұмыс сапары Екібастұз қаласынан басталды, онда Сәбит Ахметов екі медициналық ұйымға барды.
Екібастұз қалалық ауруханасы стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек, оңалту қызметтерін көрсетеді.
Аурухана басшылығымен әңгімелесу барысында бірнеше мәселелер, соның ішінде кредиторлық берешек, қымбат медициналық техниканың жетіспеушілігі туралы талқыланды.
Қордың Басқарма төрағасы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту және кадрлардың біліктілігін арттыру аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмегі дамытудың басым бағыттарына назар аударды.
Содан кейін Қор өкілдері Екібастұз қаласының №2 емханасына барды. Сонда Сәбит Ахметов емхананың тіркелген тұрғындармен қалай жұмыс істейтінін, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулармен динамикалық бақылауда тіркелген пациенттердің жағдайын бақылап отыратынын сұрады.
Одан әрі Сәбит Ахметов Павлодар қаласына барып, онда медициналық жұртшылықпен кездесті. Жиналыс барасында ол МӘМС жүйесін жетілдіру жөніндегі кейбір жоспарларымен бөлісті, соның ішінде медициналық қауымдастықтар өкілдері мен дәрігерлердің келіп түскен ұсыныстары негізінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігін атап өтті.
Өз баяндамасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы Алмагүл Ахметжанова 2022 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы өңірдің денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ұлғайып, 89 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Мысалы, АМСК бойынша қаржыландыру 19%-ға, КДҚ – 16%-ға, стационарлық медициналық көмек – 11%-ға өскенін айтты.
«МӘМС енгізілуімен өңір тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі арта түсті. Егер 2021 жылы қымбат медициналық жабдықтың 20 бірлігі болса, қазіргі уақытта 24 КТ және МРТ аппараттары жұмыс істейді. Нәтижесінде консультативтік-диагностикалық қызметтерді күту мерзімінің төмендеуі байқалады. 2021 жылы пациенттердің 37%-ы бұл тексерулерді 10 күннен артық күткен, ал ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша олардың саны 3,4%-ын құрады», – деді филиал басшысы.
Қордың Басқарма төрағасымен кездесу барысында павлодарлық медицина қызметкерлері мектеп медицинасы, консультативтік-диагностикалық қызметтерді шамадан тыс пайдалану, медициналық көмек қосымша сатып алуды орналастыру көлемі, Ақпараттық жүйелер арасындағы интеграция мәселелері және т.б. мәселелерді көтерді. Сәбит Ахметов түсініктеме берді, ал кейбір мәселелерді басқа құзыретті ведомстволармен әрі қарай қарау үшін ескертті.
29 маусым 2023 ж. 201 0