№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Тіл – татулық тірегі»

«Тіл – татулық тірегі»


Қызылордада Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты фестивалі өтті.

Мерекелік фестивальде Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, барша жиылған қауымды айтулы мерекемен құттықтай отырып, бұл күннің маңыздылығын атап өтті. Өңірдегі тіл саясатын жүргізуге сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар түрлі сала мамандарын марапаттады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының сарапшысы Никита Мясцов марапатталды.
Айта кетейік, дарынды провизор Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастар» ұйымының белсендісі, «Славяне» этномәдени бірлестігінің мүшесі.
Фестиваль қарсаңында Никита Николаевич ҚР Конституциясы күніне арналған медициналық сақтандыру қорының шығармашылық байқауының жеңімпазы атанды. Ол «Атамекен» патриоттық әнін орындады.
Никитаның репертуарында 50-ден аса ән болса, соның жартысынан көбі қазақ әуені.
«Қазақстанда туып-өскенімді мақтан тұтамын! Мен Сырдария ауданы Тереңөзек ауылының тумасымын. Ата-анам мен жұбайым да қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ұжымда да мемлекеттік тілде сөйлейтініне қуаныштымын. Менің шығармашылығымды қолдағаны үшін барлығына мың алғыс. Алда әлі талай жеңістер күтіп тұр деп үміттенемін!», - деп атап өтті Никита Мясцов.
12 қазан 2023 ж. 181 0