№74 (8682) 19

19 қыркүйек 2023 ж.

№73 (8681) 16

16 қыркүйек 2023 ж.

№72 (8680) 12

12 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болды

Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болды



Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды".


Ермек Маржықпаев 1969 жылы туған. Ол - Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), Тұран университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астанада № 29 орта мектепте денешынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.

1992-1993 жылдары Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентiнде № 7 орта мектептің тарих мұғалiмi, 1993-1994 жылдары "Шонай" ШЖК директоры, 1994-2008 жылдары "Береке-Бурабай" ЖШС директоры болды.

2008-2012 жылдары Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмі, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi, 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болды.

2015-2019 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi болса, 2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.
03 қыркүйек 2023 ж. 92 0