Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды



Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Жақыпова жаңа қызметке дейін президент жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымында қызмет атқарған.

Ол жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты (1991); Алматы экономика және статистика академиясы (2006). Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі (1984-1986); 16 орта мектебінде, 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі (1991-1995); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы (1997-1998); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары (1998-2001); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры (2001-2008); Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры (2008-2011); Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы (2011-2013); Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (19.08.2013-08.2014); Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2017-2019); Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (12.06.2023 жылдан бастап).
03 қыркүйек 2023 ж. 81 0