Қылмыстық іздестіру - полиция қызметінің негізі
Ішкі істер саласындағы әрбір қызметтің өз қиындығы бар, соның ішінде күн-түн демей тапжылмай еңбек ететін саланың бірі – криминалдық полиция қызметі. Қылмыспен күрес жүргізуде криминалдық полицияның жұмысы маңызды орын алады. Жедел қызметкерлердің алдында азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету міндеті қойылады. Алдымыздағы 30 тамыз «Конститутция күні» мерекесіне күнінің қарсаңында біз осы қызметтің қыр-сыры туралы Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Асылбеков Ғалымжан Қасымұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік.
Қылмыстық іздестіру жұмысы полиция қызметінің негізі болып саналады. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлеріне жоғары талаптар қойылуда. Ғалымжан Қасымұлы, Сіздің қызметіңіздегі басты бағыттар туралы айтып берсеңіз?
Мен практикпін. Қазірдің өзінде, кабинеттегі жұмысқа біраз уақыт бөлу керек болса да, мен бәрін тез ретке келтіруге және оқиға орнына жедел баруға тырысамын. Және сол жерде бүкіл суретті мұқият зерделеп, күдіктінің көзқарасы бойынша жағдайды қарастырамын. Ұсақ бөлшектерді зерттеп, оларға назар аудару керек,- деп жедел уәкіл сөзін жалғастырды.
Жедел уәкілдерге фильмдер, хикаялар мен деректі фильмдер арналады, бірақ өмірде олардың жұмысы соншалықты оңай емес. "102" нөміріне қоңырау шалғаннан кейін оқиға орнына криминалист, тергеуші, жедел уәкіл және учаскелік полиция тобы келеді. Олардың міндеті-оқиғаның мән-жайын анықтау. Олар куәгерлер мен жәбірленушілерден сұхбат алады, дәлелдер жинайды, егжей-тегжейлерді салыстырады – кейде қылмысты ашудың кілті соларда болады, - дейді полиция майоры.
Қылмыскерлерді іздеу-жедел жедел уәкілдердің басты міндеті. Нағыз жедел уәкілдер үшін бастысы — қылмысты ашып, қылмыскерді жазаға тарту.
Криминалдық полиция қызметінің басты міндеті – қылмыстарды анықтап ашу. Бұл қызмет жинақылықты, шапшандылықты, кез-келген уақытта оқиға орнына шығуға дайын тұруды талап етеді. Егерде ұрлық немесе басқа қылмыс жасалған жағдайда, қылмыстық іздестіру қызметкері қылмысты «ізін суытпай» ашу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Қылмысты ізін суытпай ашу қашанда полицейдің кәсіби шеберлігін сынға алады. Осы арада ол өте қырағы болуы қатаң талап етіледі. Кез келген құқық бұзушылыққа қатысы бар күдікті, жәбірленуші, куәгер де үш түрлі облыстан болуы әбден мүмкін.
Сіздің ойынызша, қазіргі полиция қызметкері қандай болуы керек?
Әрбір қызметкер өзінің функционалдық міндеттерін біліп адал атқаруы тиіс. Полицейлердің қызметі тікелей халықтың алдында өтетіндіктен, кәсіби білікті, жеке басының мәдениеттілігі мен білімділігінің жоғары, дене бітімдерінің шымыр болуы әр полицейге қойылатын шарт болып саналады.
Кез келген мамандық иесі өз ісінің шебері болуы қажет. Біздің алдымыздағы басты мақсатымыз ол – қылмыстардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтары, заңдылықтарды, әр жолаушының қауіпсіздігін сақтау, құқығын қорғау. Осы бағытта адал қызмет ете білген әр полицей ертеңгі күні елінің алдында үлкен атақ-абыройға ие болады.
Іскерлігі мен біліктілігінің арқасында әріптестерін мойындата білген полиция майоры Ғалымжан Қасымұлы отбасында үш ұлмекі қыз тәрбиелеп отырған әке. «Адам баласы өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек. Біріншісі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау» дейді дана халық. Ғалымжан Қасымұлы осы екі таңдаудан да жаңылмай, жары Жаннамен бір үйдің түтітін түтетіп отырғанына 15 жыл уақыт болған. Қызметте талапшыл әрі қайсар мінезді Ғалымжан отбасында мейірімді, қамқор әке. «Әке балаға сыншы» деген қағиданы ұстанып, ұл-қыздарына ақыл-кеңесін беріп, қоғамда өз орнын қалдыратын ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсаты санайды.
Адалдықты арына балаған, өр мінезді, қайсар рухты Ғалымжан Қасымұлы талай асуларды бағындыратына сеніміміз мол.