№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

20 тамызға арналған ауа райы болжамы



 20 тамызда күн райының қолайсыз болуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз орталық пен оңтүстікте күші 15-20 м/с құрайды. 20-22 тамызда өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.
Күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.
20-21 тамызда күндіз Алматы облысыныңбасым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
20-21 тамызда Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 21 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай болжанады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі жоғары.
Астана қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай болжанады. Күндіз өңірдің солтүстігінде бұршақ күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с құрайды.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі, күндіз солтүстік бөлігінде бұршақ жауады. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. 20-21 тамызда батыс аумақтарда өрт тұтану қаупі жоғары болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
20 тамыз 2023 ж. 223 0