№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кейденде ақын атына көше берілді

Кейденде ақын атына көше берілді


«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, соңына өлмейтұғын сөз қалдырған» – деген сөз қазақ әдебиетінде ойып орын алған, ақын, тарихшы, зерттеуші этнограф Сейсен Мұхтарұлына арнап айтылғандай. Расында да ол қысқа ғұмырында атан түйеге жүк болар талай көркем туындыларды өмірге әкеліп, әдебиет көгінде мәңгілік қалды.


Оның дәлелі тұңғыш өлеңдер жинағы «Бүлдіршіннен» бастап әр жылдары жарық көрген «Құм кешкен керуен», «Саптағы сарбаз», «Нұрлы жүрек», «Қара шаңырақ», «Тағы бір көктем», «Нұр тоғыс», «Атамекен», «Күн желкен», «Суретшінің балалық шағы», «Тезек Төре», «Шокан және өнер», «Қорқыт Ата» секілді поэзиясы мен публистикасы, өнертану ғылымына сүбелі үлес қосқан ойлы да парасатты еңбектері. Оған қоса қазақ энциоклопедиясында өнер жайлы жүздеген мақаланы жазған. Сейсеннің «Атамекен» атты прозалық, «Шокан және өнер», «Кәмпеске» атты ғылыми еңбектері шығармашылық одақтың ғылымдар тарапынан жоғары баға алды. Әсіресе «Шокан мен өнер» кітабына алға сөз жазған Социалистік Еңбек Ері, жазушы Ғабит Мүсіреповтың зерттеу-альбомға берген бағасы Сейсен еңбегінің жоғары болғанын дәлелдесе керек.
Ақынның лирикалық өлең, жыр-толғаулары «Рембронндт», «Замана», «Махаббат антологиясы» «Винсент Вангог» поэмалары мен Қорқыт Ата дастаны қазақ поэзиясына енген елеулі еңбек. Оның поэзиядағы жаңалығы, тын сүрлеуі, өзіндік ерекшелігі бар. Осынша дүниелерді жазып ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақынның, әрине аты өшпек емес. Керісінше ұрпақтар ойында мәңгі сақталып, рухани азық боларына дау жоқ.
Ақынның өзі өлсе де елдің рухын көтеретін мол мұрасы қалды. Есімі ұлықталып бұған дейін Түркістанда, Қызылорда да бір-бір көшеге аты берілді.
«Ештен кеш жақсы» демекші осы кемшіліктердің орнын толтырып жақында Сейсеннің кіндік қаны тамған, туған ауылы Кейденде де бір көше есімі берілді. Бұл жолғы салтанатты шараға ақынның жақын досы шақырту алдым. Ауылдық әкімі Сырлыбек Кенжебаев, «Ардагер айнасы» газетінің бас редакторы Пахмадин Айнақожаев, ардагер З.Әбжаппаров, туысы Б.Тоқтыбаев, Е.Оразбеков, О.Әбжанов және ақынның қарындасы мен жеңгесі сөйлеп Сейсен жайлы естеліктерін айтып шығармашылығының ерекшелігіне тоқталды.
Көшенің лентасын қиған соң, жиналған ауылдастарға, Сейсеннің ағайындары ас беріп, құран бағыштады.
Бүгінде Кейден ауылында ақын Сейсеннің атында көше бар. Елінің ақынға деген Құрметті осындай болар.

Файзулла Сахиев,
ауданның Құрметті азаматы

25 шілде 2023 ж. 261 0