Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 17 шілдеде "Болашақ" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

17 шілдеде "Болашақ" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

Kyzylorda-news.kz. "Болашақ" бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Биыл "Болашақ" стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.
Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:
квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;
өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0;
тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.
17 шілде 2023 ж. 293 0