Жаңақорған тынысы » Қоғам » «Болашақ» стипендиясы үшін талапкерлерге шет тілінен қойылатын талап жеңілдетіледі
«Болашақ» стипендиясы үшін талапкерлерге шет тілінен қойылатын талап жеңілдетіледі
«Болашақ» стипендиясы үшін талапкерлерге шет тілінен қойылатын талаптар жеңілдетіледі. Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» шәкіртақысына қатысты талабы электронды үкімет сайтында жарияланды. Өзгеріс неміс тілі, француз, жапон, корей тілдеріне қатысты. Бұйрық 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға түсе алады. «Бұл өзгеріс үшін қосымша ақша төлеудің қажеті жоқ. Жеңілдік арқылы талапкерлер байқауға көптеп қатысады», – делінген хабарламада. Бұйрыққа сәйкес қазір Австрия республикасында, Германия мен Швейцарияда ағылшын және неміс тілінде білім алу үшін А1 деңгейі жеткілікті. Бұған дейін А2 деңгейін талап ететін. Франция мен Швейарияда француз тілін меңгеруге жеңілдік жасалды. Енді 200 балл орнына 100 балл жинап, DELF A1 деңгейін алу жеткілікті. Корей елінде ағылшын және корей тілінде оқу үшін алғашқы TOPIK деңгейін, Жапонияда жапон тіліндегі тесттен Nouryekushiken бесінші деңгейін дәлелдеу жіткілікті саналады.