№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрбан айт – мейірім мерекесі

Құрбан айт – мейірім мерекесі



Құрбан айт халықтың бірлігін, татулығын және имандылығын айқындайтын ұлық мереке. Мұсылман қауымның үш күн қатарынан тойлайтын қасиетті күні құрбандық шалынып, құдайы ас таратылады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сауапты іс жасап, көптің батасын алады. Міне, осы үрдіспен Жаңақорған жұртшылығы да дәстүрлі мерекені көп болып тойлап келеді. Біз алғаш рет «Prime park» алаңында өткен шараға қатысқан едік.
Таңалакеуіммен мінәжат үшін мешітке жиылған жұртшылықта есеп жоқ. Имандылық үйіне жиналған көпшілік қауым Құрбан айттың қадір-қасиеті мен қажылық жөнінде тұшымды насихат тыңдап, имани құндылықтарға қанықты. Айт намазындағы құтпадан соң, ауданның бас имамы Әбдіхалық Наметов атаулы күннің ел тарихындағы маңыздылығына тоқталды.
– Аллаға мың да бір шүкір. Ел тәуелсіздігі арқасындақасиетті қадірлі мерекелерді бүгінде ел болып күтеміз. Жаратушы Ием бізді осы берекелі күнімізден, ынтымақты тіршілігімізден айырмасын. Ел жүгін арқалаған барша азаматтарға Алла жар болсын! Барлық мұсылман қауымның ұлық мейрамы – Құрбан айт мүбарак болсын!, – деді ауданның бас имамы.
Мұнан кейін, мереке ауаны аудандық «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының ұйытқы болуымен «Prime park» саябағында рухани шараға ұласты. Бұқаралық сипат алған мүбәрак мейрам халықтың ерекше қолдауына ие болды. Айта кететіні, 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасын тапқан ұлық мейрамды атап өтуге «ЖЖЖ» ерікті жастарымен бірге жүзеге асуда. Орталық алаңға 2 киіз үй мен арнайы бастырма тігілді. Қос қараша үйдің бірінде ерекше күтімдегі 50 балаға арнап ақ дастархан жайылып, ата-анасымен жайғасты. Оларға арнайы сый-сияпаттар үлестірілді.
ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН СПОРТТЫҚ ШАРА
Таңғы сағат тоғыздан бастап, спорт нұсқаушысы Шыңғыс Азнабаев бастаған төрешілер спорттың сан түрінен сайыстарды бастап кетті. Саябақта қол күрес, бұқа тартыс, қаппен ұру, арқан тартыс, гір тасын көтеру сынды жарыста кім мықтыны анықтады. Жігерлі жастар қауымы жарыс көркін қыздырып, қиқулата бір-біріне шабыт берді. Үздіктерін арнайы «Диплом» мен ерікті жастар дайындаған бағалы сый-сияпат үлестірді.
– Негізі жылдағы дәстүрге сай спорттық шаралар мешіт аулаларында өтетін еді. Кенттегі үш мешіттің имамдарымен ақылдасып, біріккен түрде орталық алаңда бес-алты жыл бойы өткіздік. Биыл жаңа саябаққа өткізуді ұсындық. Құптады. Қолдады. Асыға күтетін айт мейрамының осылай көпшілік сипатта өтіп жатқаны үлкен қуаныш. Алдағы уақытта бұл бастама өз жалғасын табады деген сенім мол, – дейді «ЖЖЖ» ерікті жастарының өкілі Дәулет Тұрабаев.
БАЛАҚАЙЛАРҒА ТЕГІН БАЛМҰЗДАҚ
Жүздері бал-бұл жайнаған балғындар мен жас өрендерге 500-ге жуық балмұздақ үлестірілді. Таратудағы басты мақсат – балаларға айт мейрамының мезіретін сезіндіру. Шын мәнінде жыл сайын Құрбан айт мерекесі қашан келеді екен деген түсінік қалыптастыру. Осылайша, мәрттік мінезімен балғындардың қуанышына бөленген кәсіпкер жігіттер көпке үлгі көрсетті. Ал қалған 100 балмұздақты мақаланың түйінінде тарқатамыз.
1000 ДАНА МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚ
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне дейін «ЖЖЖ» ерікті жастары ауызбіршілік танытып, ақылдасқан болатын. Өткен жылдары 500 дана мерекелік сыйлық таратса, биыл оның санын мыңға жеткізді. Ортақ ой мен пайым пікірден соң, бір бәтуаға келді. Балаларға мейрамның шарапатын сезіндірмек ниетте арнайы «Құрбан айт құтты болсын!» деген тілегі бар қорапша алдыртты. Ортақтасып қаржы жинап, қорапшаның ішін тәттілер мен шырын сусынға толтырды. Дайын болған 1000 дана сый-сияпатты қалың бұқараға үлестірсе, қалған 20 данасын спортшы балаларға табыстады. Жеңімпаздарға да қатысушыларға да аталмыш сыйлықтың бәрін тегін үлестірді. Оның ішінде, 50 данасы арнайы шақыртылған ерекше күтімдегі балаларға берілді.
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Ал «Prime park» саябағында ойын-сауық кешені айттың құрметіне ақысыз қызмет көрсетті. Жас өрендер пойыз, карусель, батут ойындарына алаңсыз ойнап, шат-шадыман күй кешті.
– Жыл сайын Қасиетті Құрбан айт және ораза айт мерекесінде жаңақорғандық бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ақысыз қызмет көрсетеміз. Бұлда болса, айтқа қосқан азда болса үлесім. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді ғой. Сондықтанда ел ертеңі – балаларымыз әманда шаттықта жүрсін, – деді жас кәсіпкерлер.
Бұдан бөлек, орталық алаңда пультпен басқарылатын балалар көлігін ақысыз ұйымдастырды. Мұндағы бүлдіршіндердің есебінде шек жоқ. Әрқайсысы 10 минуттан отырып, азда болса, мейрам мезіретін сезінді.
ТҮЙІН. Көпшілік шара болған соң әр түрлі жағдайлар болатыны анық. Әлеуметтік желіде әртүрлі ой салып, ауданның абройына кір келтіріп жүргендер де осы мерекенің шарапатына ие болғаны анық. Десе де, біз Жаңарған Жаңақорған жастарына сын сағатта сүрінбей, ел игілігі жолында қайырлы істің көшбасшысы болатынына сенімім мол

                                                                                                                                              Мақпал МАРҚАБАЙ
02 шілде 2023 ж. 120 0