Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі


Дәрі-дәрмек алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне (медбикесіне) жүгінуі тиіс. Учаскелік дәрігер / медбике науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрілік заттарды алуға рецепт жазады. Сіз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен және рецептімен емхананың дәріханасына хабарласуыңыз керек.
2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 140,3 млрд теңге, оның ішінде МӘМС жүйесінде 45 млрд теңге қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.