«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әлеуметтік бұрыш бағаны тұрақтандыра ма?

Әлеуметтік бұрыш бағаны тұрақтандыра ма?


Жаңақорған кентіндегі «Заңғар» сауда үйінің ішінен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сөресінің бұрышы ашылды. Ел игілігі жолында жасалған игі істің ашылуына аудан әкімі Руслан Рүстемұлы арнайы келіп, кәсіп иесіне алғысын білдірді. «Айсара» дара кәсіпкерлігінің жетекшісі Нұржан Палмановтың бұл бастамасы көпке үлгі болары анық. Өйткені бұл бұрышта күнделікті тұтынатын тауарлар базар бағасынан 10-15 пайызға арзан пұлданады.


Жалпы Жаңақорғандағы бұл алғашқы сөре бұрышы, бұл іске мол инвестиция құйылғаны рас. Сондықтан бұл бастама аяқсыз қалмайтын болады. Аудан әкімі Руслан Рүстемов арнайы әлеуметтік сөрелер бұрышын ашу мақсатында жыл басынан бері кент орталығындағы 5 ірі сауда үйлерін облыстық «Байқоңыр кәсіпкерлерді қолдау корпорациясы» акционерлік қоғамына ұсынғанымызбен келісім-шартта көрсетілген азық-түлік бағаларының тым төмен екендігіне кәсіпкерлеріміздің келіспеушілік салда­рынан шешімін таппай келгендігі туралы айтты. Алайда, «Заңғар» сауда үйі «Байқоңыр Кқк» АҚ-ның барлық төмен пайызды бағадағы шарт талаптарымен келісіп, бір жолғы қолдау ретіндегі қай­тарымды қаржысын алуға тәуекелді қадам жасағаны қуантты.
– Биылғы жылдың 11 айында аудан кәсіпкерлері 11 млрд өнім өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары, көтерме саудада орнымыз орнықты. Бірақ нарықтағы азық-түлік бағасын төмен бағада саудаға шығару өте күрделі мәселеге айналды. Бүгінгі іс аудан тұрғындары үшін үлкен жаңалық болғаны анық. Бұл қызметті қосымша пайда табамын деп емес, елге болсын, көпке көмегім тисін деген ниетте ашып отыр. Қалай десек те, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған әлеуметтік бұл бұрыш тұрғындарға тамаша тарту болды. Осындай ел несібесі жолында қызмет көрсететін кәсіпкерлер көбейе берсін, – деп аудан басшысы ізгі ниетін білдірді.
Ауданда кәсіпкерлік саласы, әсіресе сауда-саттық өрісі кеңейді. Сауда үйлері мен дүкендердің саны артып, халыққа сапалы қызмет көрсетуде ілгерілеушілік бар.
– Бұл бұрышқа келетін тұрғындар да өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, өзінің тұрмысына қарай сауда жасайтын болады. 19 түрлі азық түрін әр азамат шекті мөлшерде ғана алады. Бұйырса мұндай бұрыштың санын көбейтіп, бағаны тұрақтандыруға жұмыс атқарамыз, – деген ауылша­руашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевке аудан басшысы сауал жолдады.
– Бағаға мониторинг жасап отыра­сыздар ма?
– Әрине, күнделікті келіп мони­торинг жасап тұратын боламыз.
– Халыққа бірінші нан керек, оның бағасын ұстап тұруға мүмкіндік бар ма?
– Қазір бөлке нан бұл бұрышта 80 теңгеден, негізінен 95-100 теңгеден сатылады. Оны алдағы уақыттың еншісіне қалдырайық, ұнның нары­ғына байланысты. Қазір 19 түрлі өнімнің барлығы сөреде тұр.
Ауданның ауылшаруашылығы са­ласының ардагері Керімхан Егізбаев осындай әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бұрышын ашуды кә­сіпкерлердің белсенділігі арқылы көбейтіп қайырымдылық ретінде қалыптастыру қажеттігі туралы пікірін жеткізді.
– Жыл сайын азық-түлік бағасының құны еселеп өсуде. Оған түрлі себеп көп, жанар-жағар майдың қымбаттауы, экспорт көлемінің ұлғаюы және та­ғысын тағылар. Екі ортада қарапайым халық расында қиналып қалады. Біздің сөрелер бұрышын ашуымыздың басты себебі аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға сәл болса да жағдай жасау. Базар бағасынан 10-15 пайызға төмен тауардың 19 түрі келді, алушылардың легі келіп, сауда жасауда. Алдағы уақытта бұл қызмет түрін кеңейтуге мүмкіндік жасаймыз, – деді кәсіп иесі.
Бүгінде базар бағасына бақылау болмай тұрғаны рас, оған себеп те аз емес, оның үстіне күре жолдың бойы ақылы болды. Енді нарық бағасын тұрақты ету қиын, сондықтан кәсіпкерлердің осындай қызметі керек-ақ. Бұл жақсы бастама жалғасын тапса игі. Сөреде тұрған жұмыртқа – 32 теңге, пісте майы – 665 теңге, ұнның келісі – 135 теңге, қанттың бағасы – 300 теңге болса, қарақұмық – 540 теңге, осылай жалғаса береді. Ең бастысы, ел алғысы жолында жұмыла жұмыс жасау басты міндет.

Әли ТЕМІРБЕК
21 желтоқсан 2021 ж. 2 164 0