«Атлант» клиникасы қызылордалықтарға қызмет көрсетеді
Есбосынова Дина Жұбанышқызы «Азамат» ЖШС-нің құрылтайшысы қалалық ауруханада офтальмолог дәрігер болып қызмет атқарды.
1996 жылы өзінің кәсібін бастауға шешім қабылдап, алдымен ем алушыларға өзі жалғыз медициналық қызметін көрсетті. Бір жыл жұмыс істегеннен кейін мамандарды жинап, ғимаратты жалға алып, медициналық қызмет көрсету бойынша «Атлант» клиникасын ашты.
Клиниканың жергілікті тұрғындар арасында танымалдығы тез арада артып, 2002 жылы кәсіпкер жинақтаған қаражатына жалға алып өзі жұмыс жасап жүрген ғимаратын сатып алды, кейін клиника штатын ұлғайтып, қызмет көрсету аясын кеңейтті.
Бүгінгі таңда «Атлант» клиникасы нарықта орташа бағамен сапалы қызмет көрсететін көпсалалы медициналық мекеме болып табылады. Клиника жоғары білікті мамандар, заманауи жабдықтар мен жаңа диагностикалық және емдік технологиялар есебінен Қызылорда өңірі үшін денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет ұсынуда.
2022 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Даму» Қорының субсидия және кепілдік құралдарын қолдана отырып, клиниканы қайта құру, яғни клиника ауданын ұлғайту жұмыстарын жүргізді.