№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXIХ конференциясы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXIХ конференциясы өтті


«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6. тармағына сәйкес «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXIХ конференциясына Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы, Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, аудандық, қалалық мәслихат хатшылары мен депутаттары, партияның Жаңақорған аудандық филиалы Атқарушы хатшысы ретінде мен Мажитов Арман Әбілпеисұлы, облыстық Саяси кеңес мүшелері, және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде:

1. «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасын талқылау;
2. «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне делегат сайлау туралы.
“Қазақстанымыз дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алдымыздағы түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген Әділетті Қазақстанды құру міндетін айқындап берді” , - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы.

Партияның Саяси тұғырнама құжаты талқыланып, делегаттар арасында қолдау тапты.

Өз кезегінде Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы: “Тұғырнама - партияның таяу кезеңдегі дамуының саяси құжаты. Құжатта адам мен оның әл-ауқатына негізгі басымдық берілгені, ұлт саулығына қатысты бастамалар, балалардың мектепке дейінгі тәрбиесінен бастап, барлық деңгейдегі білім беру саласына ерекше назар аударылғаны көптің көңілінен шықты, Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біліп, бағалауы тиіс. Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз. Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ кешуден өткен халқымыздың қолына қонған бақыт құсы. «AMANAT» партиясы мемлекетшіл, білімді де саналы жастарымызға арқа сүйейді. Біздің қатарымызда елімізге, шетелге танымал жас дарындармен қоса, белсенді студент жастар, еріктілер көптеп саналады. Олар өздерінің болашағын туған Отанымен ғана байланыстырады” - деді.

Жиын соңында, 6 қазан күні Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXlV-ші съезіне қатысатын делегаттар сайланды.

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мажитов Арман Әбілпеисұлы.
30 қыркүйек 2022 ж. 679 0