№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарихқа тағзым – аСыл міндет

Тарихқа тағзым – аСыл міндет



31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз жандардың қаны мен көз жасына жуылған тәуменді тарихтың шерлі беттерінің бірі. Бүгінгі ұрпақтың борышы – осы жылдары жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімін ұмытпау һәм оларды мәңгі есте сақтау.
Аза тұту шарасында аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен арнайы мемориал ескерткішіне гүл шоғын қойып, саяси қуғынға түскен ата-бабаларды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Одан әрі «Әл-Мүмин» мешітінің азаншысы Нұрлан Нысанбаев ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына Құран аяттарын бағыштап, дұға жасады. Еске алу шарасының шымылдығын түрген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы:
– Азалы тарихымызға бас ие отырып, аяулы азаматтар рухына тағзым ету, өткенімізге салауат айтып, тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне жас ұрпақты бей-жай қарамауға тәрбиелеу ең басты парызымыз. Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту туралы айта отырып, тарихи естеліктің рухани жаңғырудың ажырамас механизмі болатыны «тарих пен ұлттық дәстүр халықтың өткенін, бүгіні мен келешегін жалғайтын тұғырнама болып табылатынын» атап өткен болатын. Бүгінгі жаппай саяси репрессияның құрбаны болған адамдарды еске алу шарасы Қазақстан тарихының трагедиялық беттерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Біздің алдымызда тарихи естеліктер феноменін сақтау міндеті тұр. Себебі, тарихи дерекке көз жүгіртсек, қазақ даласы бойынша 100 мыңнан астам адам қуғындалып, 25 мыңы атылды. Миллионға жуық қазақ туған жерін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. 1997 жылдан бастап Президент пәрменімен ақтаңдақ жылдардың құрбаны болып, «халық жауы» атанып кеткен арыстарды ақтау, арашалау дәуірі басталды. Біз бүгінгі өміріміз үшін елінің бірлігі мен болашағы үшін күрескен, тар жол, тайғақ кешкен қайсар бабаларды ешқашан ұмытпауымыз қажет – деді.
Иә, түйіндей айтқанда, Кеңестік қызыл империя қазақтың мәйегін орып, жантағын қалдырды. Атылғандардың дені иісі қазақтың беткеұстар, көш бастаушылары, ағартушы, ұлт көсемі болуға лайықты Алаштың арда ұлдары еді. Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешірген арда азаматтардың айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде. Президент пәрменімен 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғынсүргін құрбандары күні болып жарияланғаны соның айғағы. Қазақ тарихына қара таңбамен жазылған қуғын сүргіннің зардабы тұтастай бір ұлтты қуғынға ұшыратқан ұлы қасірет болатын. Мұндай еске алу шаралары бүгінгі ұрпақ үшін де, болашақ ұрпақ үшін де аса қажет. Арманда кеткен арыстарымызға, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құрметіміз шексіз. Оларды әрдайым еске алып, тағзым ету парызымыз екенін ұмытпайық.
03 маусым 2023 ж. 205 0