№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘМСҚ басшысы «қосып жазулардың» ең көп таралған түрлерін атап өтті

ӘМСҚ басшысы «қосып жазулардың» ең көп таралған түрлерін атап өтті




Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қор барлық көрсетілген медициналық қызметтердің тек 10%-ын мониторингпен қамтылғанын айтты. Бірақ осыған қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3 млн-нан астам бұзушылық 20,8 млрд теңге сомасына анықталды.
Қор басшының айтуынша, қаржыландырудың ұлғаюына қарамастан медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты  халық тарапынан сын көп айтылады. Атап айтар болсақ, азаматтар емханалардағы үлкен кезектерге, бейінді мамандарға, КТ және МРТ жолдамаларын ұзақ күтетіндерін әрі медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына, білікті дәрігерлердің жоқтығына шағымданады.
«Өтініштерді талдау көрсеткендей, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханалардың жұмысына көп шағым түседі. Ол барлық өтініш-шағымдардың шамамен 70%-ын құрайды», – деді Сәбит Ахметов.
Мәселелердің негізгі факторлары:
Біріншіден, МӘМС жүйесі 2020 жылы пандемия кезінде енгізілді.  Барлық күш ковидке қарсы күреске жұмсалды.
Екіншіден, МӘМС жүйесі енгізілгелі, медициналық көмектің екі пакеті пайда болды. Ол мемлекет кепілдік берген көлем және МӘМС пакеті.
«Екі пакетте де консультативтік-диагностикалық қызметтер және стационарлық көмек сияқты медициналық көмек түрлері қарастырылған, яғни олар қайталанады. Халықты айтпағанда, медициналық ұйымдардың өзі бұл пакеттерді шатастырады. Қаржыландыру көзі пациенттің мәртебесіне байланысты – «сақтандырылған» немесе «сақтандырылмаған». Бұл медициналық ұйымдардың қаржыландыру көздерін дұрыс пайдаланбауына ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тегін медициналық көмектен негізсіз бас тартуына әкелді», – талдайды Қор басшысы.
 Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Қомақты ақша бар жерде үлкен қызығушылықтар болары анық. Бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, көрсетілген қызметтердің құнын көтеруге, тіркеуге, ақшалай қаражаттың үлкен көлемін бірлесіп орындауға беруге байланысты артық тұтынуға және        т.б. байланысты. Олардың барлығы бақылаудың жеткіліксіздігіне және цифрландырудың төмен деңгейіне байланысты болды.
«Бүгінде Қор барлық көрсетілген медициналық қызметтерге мониторинг жүргізеді. Бірақ бұған қарамастан қор 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3 млн астам бұзушылықты 20,8 млрд теңге сомасына анықтады, – деді Сәбит Ахметов.
Көрсетілмеген қызметтерді көрсетілді деп жазылған жалған жазбалар жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2020 жылы 21 мың, 2021 жылы – 35 мың, 2022 жылы – 52 мың тіркелді.
Олардың ең көп таралған түрлері:
Іс жүзінде нақты көрсетілмеген медициналық қызметтерді актілерге ұсыну;
- жалған жазбалар, яғни бір нақты көрсетілген қызметтің орнына 3-4 қызмет түрі көрсетілді деп жазу;
 - «Қосарланған төлем» түріндегі тіркеулер, яғни пациенттен де, Қордан да қызмет үшін ақы алу.
«Айта кету керек, біз мұндай бұзушылықтарды анықтай алмаймыз, өйткені ақылы негізде қызмет көрсететін жеке клиникалар бар. Қор медициналық ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Нарықта 30-дан астам жеке медициналық ақпарат бар, олар бір-бірімен интеграцияланбаған жүйелер», – деді Қор басшысы.
 Осы проблемалардың барлығын шешу үшін қазіргі уақытта Қор Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп денсаулық сақтау жүйесін толық цифрландыру бойынша ауқымды жұмысты бастады. Бұл жұмыс е-Денсаулық платформасынан бірыңғай шеңберде жүргізілуде.
Бұл ретте Қордың төлем модулін цифрландыру дербестендірілген қаржылық есеп қағидаты және медициналық қызметтерді тұтынушылардың виртуалды шоттарындағы ақша қаражатының қозғалысын қадағалау негізінде жүзеге асырылатынын ерекше атап өткен жөн.
 Бұл дәрігердің қабылдауын цифрлық (мобильді) құралдар (SMS, QR-растаулар) арқылы растау үшін жеке верификация тетігін енгізуге мүмкіндік береді. Ал Қор медициналық ұйымдар қаражатты қайда, кімге және қандай мақсаттарға бағытталғанын бақылай алады.
19 мамыр 2023 ж. 119 0