Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Медициналық қызмет көрсету сапасына пациенттердің шағымдары көбейді

Медициналық қызмет көрсету сапасына пациенттердің шағымдары көбейді


2022 жылдың бірінші жартыжылдығында әртүрлі байланыс арналары арқылы Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына 208 өтініш келіп түсті, оның 135-і -медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне, медициналық көмек көрсетуден бас тартуға қатысты шағымдар, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. Күн сайын Қор келесі ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды:
- 1406 байланыс орталығы,
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,
- fms.kz ресми сайты,
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.
Қор филиалы директорының айтуынша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор филиалына келіп түскен шағымдар саны – 208. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130 шағымға немесе 166,7% - ға артық (2021 жылдың 6 айында -78 шағым).
Шағымдардың арасында бірінші орында - медициналық көмек көрсету сапасына шағымдар (38,5%), екінші - медициналық көмек көрсетуден бас тарту (26,5%),үшінші орында – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тарту (11,6%).
Айта кету керек, сапасыз медициналық көмекке қатысты шағымдардың 54% - дан астамы келесі медициналық ұйымдарға тиесілі: №1,3,6 қалалық емханалар, Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухана, «Alexey Sultan Ahmet» ЖШС.
Барлық шағымдар бойынша медициналық ұйымдар кемшіліктерді одан әрі жоюмен және шағымдардың өсуіне жол бермеу бойынша шараларын қолдану арқылы тексерулер жүргізді.
«Қор әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз.
Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет», –  деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
09 тамыз 2022 ж. 348 0