№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы күні қуанышқа орта толды

Отбасы күні қуанышқа орта толды

Қазақ даналығында «Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады» деген түсінік қалыптасқан. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылық. Кісінің өмір жолы отбасынан басталады. Адамзаттың құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыратын, дәстүрге, адамгершілікке баулитын. Отбасы күнін атап өтудің де өз маңызы бар.


БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылдан бастап 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні болып жарияланды. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарына баулу және нығайту мәселелеріне аудару. Міне, осы халықаралық мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов аудандық перзентханаға нәрестелі болған жас аналарды арнайы құттықтап барып, аудан әкімінің «Құттықтау хатын» тапсырып, сый-құрмет көрсетті.

– Әйел – әлемнің шамшырағы, бала өмірдің мәні! Мереке күні өмір есігін ашқан жас сәбилер еліміздің адал перзенті, ұлттың мақтанышы, халықтың жұбанышы болсын! Зиялы, білімді, иманды ұрпақ болып өсіп, ел сеніміне сай болсын. Әрбір отбасының мерейі үстем, керегесі кең, терезесі тең болсын! – деген лебізін білдірді.

Ауданның бас дәрігері Сәкен Үсейінов халықаралық отбасы күні қарсаңында ауданда 3 сәби өмір есігін ашқанын жеткізіп:
– Халықаралық мерекеде қуанышымыз еселеніп жатыр. Әрбір мерекеде сәбилі болған жас аналарды құттықтап, мерейін көтеріп жатқан әкімдерге алғыс айтамын. Осы бөлімде қызмет етіп жатқан дәрігергинеколог мамандар мен медбикелердің абыройлы еңбек ете берулерін тілеймін. Қаншама сәбидің кіндік анасы атанған жандарға елдің құрметқошеметі биік. Сын сағатта бірін-бірі қолдаған ұжымның жұмысы бір сәтте толастаған емес, бірінің иығындағы жүкті бірі жеңілдетіп, ынтымақты жұмыс жасап келеді. Тумалардың бауы берік болып, елге қызмет ететін азаматтар болсын! – деген тілегін айтты.

Отбасы күнінде құшағы гүлге толған аналар қатарында Жұлдызай Даниялова, Жайдар Төлегенова және Ділнар Ермұхамет арнайы құттықтап келген ел ағаларына алғыстарын айтты.

– Еліміздің аналарға деген қолдауы ерекше. Әлеуметтік қолдаулар мен жәрдемақылар, аналар институттарын дамыту, әйелдердің іскерлік қабілетін арттыруда кездесулер жыл сайын жаңарып келеді. Бұл еліміздің әйеланаларына деген қамқорлық пен қолдаудың айқын көрінісі екені даусыз.

Біз бүгінгі мерекеде қуанышымыздың еселенгеніне, аналардың мерейі үстем болып жатқанына ризамыз. Еліміздің тұғыры берік болып, келешегіміз кемел болғай, – деді көп балалы Ділнар Ермұхамет. Бүгін біз үшін де ерекше күн. Қазақстандық отбасыларды мерекемен құттықтағымыз келеді. «Отан отбасынан басталады» десек, бұл айтулы мерекенің еліміз үшін құндылығы зор. Бір шаңырақ астына біріккен достық пейіліміз бен дархан көңілімізге қылау түспей ортақ мүдде жолында еңбек етіп, рухымыз биік болсын. Біздің тілек осы.

Мақпал Марқабай

16 мамыр 2023 ж. 202 0