№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балғындар жүрегінен жол тапқан ақын

Балғындар жүрегінен жол тапқан ақын



Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, балалар ақыны, біздің мақтанышымыз Абырбек Сопыбеков тірі болғанда биыл 86 жасқа толар еді. Осы мақсатта, аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетінің абызы» атты кеш өтті. Шараның ақынның жары Шарипа Шерімбетова қадірлі қонағы  ретінде шақырылды.
Аудандық кітапхана директоры Әсемгүл Манапқызы ашты.
– Біздің өлкенің мақтанышы, есімі ел есінде сақталған біртуар перзенті Адырбек Сопыбек арамызда болғанда 86 жасқа толар еді. Балалардың бал мінезін ішкі жан дүниесімен жақсы сезіне білген ақынның әрбір шығармасынан балалық бал дәуреннің әдемі әсерлерінің өңін  бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебіне толғаған бірден бір ақын екені оқырман қауымға белгілі. Осы отырған өскелең жас ұрпақ Адырбектей ақынның өлеңімен сусындап өссе, келешегіміз кемел болары анық, – деп ақжарма тілегін жеткізді.
Ақын еске алу кешіне жиналған көрермен бір сәт ақын өміріне зер салып, өткенге шегініс жасап, экраннан ақынның өмірдерегі көрсетілді. «ORDA shcool» жеке мектебінің 2 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа айтты.
Ақынның 1965 жылы «Көзілдірік», 1966 жылы, «Айға сапар» 1667 жылы «Шешілген жұмбақ» «Кім қалай ұйықтайды», 1970 жылы «Көктем жыры», 1976 жылы, «Базарлық», 1976 жылы «Полет на луну», 1997 жылы «Айналайын» кітабы шыққан. 1992 жылы «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» шықты. Өлеңдері орыс, белорус, өзбек тілдеріне аударылған. Балаларға арналған өлеңдері 50-ге жуық топтама жинақтарға енген. Соңғы 37 жылдан бері біраз өлеңдері мектеп оқулықтарына үзбей басылып келеді. Оншақты өлеңіне ән жазылған. Сонымен қатар халық ақыны Манап Көкеновтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы «Манаптың бір өзі - бір театр» деген көлемді зерттеу еңбегі, «Ардағы болдым елімнің», «Бақыт құсы» атты жыр жинақтарының құрастырушысы, сонымен қатар «Жүрегі жырдан жаралған» атты естеліктер топтамасын шығарды. Ақынның бірнеше өлеңдері мектеп оқулықтарында енгізілген. Бастауыш сынып шәкірттері оны қызыға оқиды. Балғындардың ақын есімімен соншалықты етене болып, жүрекке жақын тұтатыны содан. Балалар сүйіктісі Адырбек Сопыбеков 2016 жылдың 10- шы қарашасында мәңгілік мекеніне аттанды.
Шара барысында, «ORDA shcool» жеке мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтты.Періште балғындардың ақын өлеңін ерекше ықыласпен айтқанына Адырбек Сопыбековтың жары Шарипа анамыз риза болып, көңілі толқып отырды.
Міне, Адырбек атасын жырға қосып, кең даланы жұмыр өлеңге сыйдырған кеш осылай түйінделді. Ең бастысы, жазушы, көсемсөзші, этнограф, өлкетанушы, тарихшы, ағартушы Адырбек Сопыбековтың есімі мәңгі есте қалып қана қоймай, үнемі ел есінде ұлықталатыны анық.
Әсел Рзаева
09 мамыр 2023 ж. 147 0