Үкіметте жұмысы жоқ жастарды қолдау туралы қаулы қабылданды
фото qamshy.kz
Үкіметте білімі мен жұмысы жоқ жастарды қолдау туралы қаулы қабылданды деп хабарлайды Stan.kz
Дипломы жоқ жастар үшін бірнеше жұмыспен қамту бағдарламалары көбейеді. Сонымен қатар екі өңірде мамыр айынан бастап еңбек жасақтары құрылмақ.
NEET санатындағы жұмыссыз және оқуы жоқ жастар жұмысқа орналаса алады. Мұндай қаулы Үкіметте қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстанда дипломы жоқ жұмыспен қамтылмаған жастардың үлесі 6%-дан сәл асады. Енді осы санаттағы адамдармен білікті кадрлар жұмыс істейді, олар сізге қайда білім алу керектігін және қайда жұмысқа орналасу керек екенін айтып, көмек береді.
“Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында еңбек жасақтары іске қосылады. Екі өңірде 300 адамнан 600 жасты қамтимыз, "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша 30 мың адамды қамтуды көздедік”, – деді АҚДМ жастар және отбасы істері Комитеті басқармасының басшысы Мәнсия Есекеева.
Қаулыға сәйкес, еңбек министрлігінде жастардың жұмысқа орналасуына белсенді жәрдемдесу қажет. Қазір жұмыспен қамту "Бірінші жұмыс орны", "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламалары бойынша ұлттық жоба шеңберінде қамтамасыз етілуде. Бұл – тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін танымал бағыттар.
“Бұл – белгілі бір кедергілерді жеңуге және қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар. Жұмыспен қамту орталықтары қысқа мерзімді оқыту сияқты көмек көрсетеді. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша тиісті дағдыларды алуға болады”, – деп мәлімдеді еңбек нарығын дамыту басқармасының басшысы Злиха Сейтова.
Мамандардың айтуынша, білім алуға көптеген мүмкіндіктер бар. Әсіресе ,Үкімет көптеген гранттар бөлетін орта техникалық білім беру саласына оқу қолжетімді. Алайда жастардың оған құлшынысы жоқ. Осы тұста экономистер менталитет пен сананы өзгерту керек деп санайды. Себебі елде адвокаттар көбейіп, дәнекерлеуші, аспаздар мен ветеринарлардың жетіспеушілігі байқалады.