№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РИЗАМЫЗ, АҚ ҚАЛАТТЫ ЖАНДАРҒА!

РИЗАМЫЗ, АҚ ҚАЛАТТЫ ЖАНДАРҒА!

Ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп,«Гиппократ антын» өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда халықтың көңілінен шығады. Біздің Жаңақорған ауданаралық ауруханасының перзентхана бөлімінің акушеркасы Жанна Рееваның еңбекқорлығы мен адамгершілігі көпке үлгі! Сондықтан пацент ретінде оған көпбалалы аналар атынан шексіз алғыс айтуды жөн санадым.

Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен, екі дүние арасында арпалысып, тоғыз ай он күн көтерген баламыздың жарық дүниеге келуіне періштедей қорған болар акушер қауымының қоғамдағы құрметі ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген ілтипатымызды көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Ақ халатты абзал жандар да аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес. Біз осындай жылулықты Жанна Бейсенбайқызынан сезігенімізді айтқымыз келеді.
Көп балалы аналар атынан Мақпал МАРҚАБАЙ
07 сәуір 2023 ж. 323 0