Аграрлы сала серпіні нарықты реттейді
Биыл аудандық ауылшаруашылығы саласында жаңалық көп. Мал шаруасы мен құс бағытындағы жұмыстар жетерлік. Әсіресе, төрт түліктің төлін көбейтіп, өнім өндіруде ілгерілеу бар. Соның бір ғана көрінісі шұжық шығаратын зауытты айтуға болады. Сол секілді биыл егін шаруасы да ширай түсуде. Бүгін біз осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелеп, тағы бір пысықтап алсақ.
Биыл егіспен айналысатын 485 шаруашылық 37 781 гектар дән тастауды жоспарлап отыр. Соның 8346 гектары күрішке арналады. Жыл сайын әртараптандыру бағытына басымдық беруді көздеп отырған диқандар жөнінде толығырақ таразылауға тырыстық.
– Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мен бағаны тұрақтандыру мақсатында
қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда.Нақтырақ айтқанда 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен өзін-өздері қамтитын болады.Бүгінгі таңға шаруашылық жетекшілерінің демеуімен 150 гектарға жуық егістік алқаптары шеңгел,жусандардан тазартылып, 90 гектары қоршаланып дайындалды, – деді бас аграном Дәурен Абибуллаев.
Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін 3151 гектар күздік бидай егуді және 7300 гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етіпті. Сонымен қатар ағымдағы жылы бірқатар шаруашылықтар тарапынан тамшылатып суару әдісі мен жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге басымдық берілуде.Тамшылатып суару технологиясымен Талап ауылдық округінде «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 5 гектар қызанақ егуді жоспарлауда. Жаңбырлатқыш суару технологиясымен Қожакент ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығы 30 гектар малазықтық дақылдарды егуді мақсат етіп отыр.
Жалпы біздің ел әлемнің 123 еліне 800-ден астам тауар түрін экспорттайды. Тауарлардың 65 пайызы Қытай, ЕАЭО және ЕО елдеріне жеткізіледі. Сарапшылардың айтуынша, қазақ тауарларының экспорттық әлеуетін көтеретін мүмкіндіктердің алғышарты енді қалыптасты.Оның негізі осы салада жатыр. Мәселен, біздегі қарбыз, жүгері сусыны мен шұжық өнімі осының бастауы деп білеміз. Егер бақша өнімін көбейте беретін болсақ базар нарығын өзіміз-ақ реттейтін боламыз.
– Аудан бойынша 2023 жылдың егісі үшін шаруашылық құрылымдарының қолында 2087 тонна күріш тұқымы бар. Сонымен қатар, 2023 жылдың егісіне қажет 50 тонна жоңышқа тұқымы толығымен дайын, ал 50 тонна мақсары тұқымы дайындалды. Биылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 4462 тонна, оның ішінде 4226 тоннасы – азотты, 236 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар болса, қажетті гербицидтердің көлемі 3113 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 4220 тоннасы (94,6%) және 1005 кг/л (32,3%) гербицид сатып алынды, – деді жауапты маман.
Техника және жанар-жағар майдың да жайы алаңдатады. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1 422 тонна дизель отыны бөлінген. «Жібек Жолы LTD и К»ЖШС – 524 тонна, «Жаңақорған ОiI» ЖШС – 898 тоннаны жауапкершілігіне алыпты. Қазіргі таңда аудан бойынша 10 шаруашылық құрылымы бойынша «Жаңақорған ОiI» ЖШС-нен 150 тоннаға жуық дизель отыны алынған.Көктемгі дала жұмыстарына 207 трактор, 38 соқа, 28 дән сепкіш, 21 автомашина, 52 трактор тіркемесі толығымен дайын екен.
–Ауданда 2023 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес, көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі 615 млн теңгені құрайды. Осы қажет қаржыдан шаруашылықтардың өз есебінен 197 млн теңге, инвесторлар тарапынан 160 млн теңге, басқа көздер арқылы арқылы 140 млн теңгеге қаржыландыру жоспарланды. Сонымен қатар, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Кең-Дала» бағдарламасымен 14 шаруашылық құрылымдары 82,3 млнтеңге несие несие берілді, – деді бас аграном.
Сонымен биылғы жылы көктем ерте шығып, аудан шаруашылық құрылымдары көктемгі дала және егін егу жұмыстарына аяқтап, санаулы күннен кейін дән тастап бітеді. Бүгінгі таңға аудан бойынша 1700 гектар жаңа жоңышқа егу, 2100 гектар күздік бидай және ескі жоңышқаның 6400 гектарына тырмалау жұмыстары жүргізіліп, көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.
Міне, аудандағы аграрлы саладағы серпілістің бір келбеті осылай реттелуде. Бұл дегеніміз отандық өнімнің өрісін кеңейту, сонда ғана нарықты өзгелер емес, өзіміз-ақ реттейтін боламыз. Халықтың негізгі тұрмыс-тіршілігі ауылшаруашылығы саласымен тығыз байланысты болғандықтан осы бағытта атқарылар жұмыс ауқымды. Әсіресе, ауылдағы ағайын егін мен мал шаруасынан жыл он екі ай нәпақасын тауып отыр. Бұйырса биылғы егіс мол өнім береді деп күтілуде. Ол үшін күтім мен аяқ су уақытылы берілсе болғаны. Қалғаны уақыттың еншісінде.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ