БАС РЕДАКТОР ПОШТАШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Дүниежүзілік пошта күніне орай, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже газет тарату бөліміндегі пошташыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Газеттің оқырманға уақытылы жетуінде пошташылардың қызметі жоғары екенін айрықша атап өтті.
Айта кету керек, бұл атаулы күн Дүниежүзілік пошта одағының ХІV конгресінің шешімімен одақтың 1874 жылы құрылған күні құрметіне атап өтіледі. Ал Дүниежүзілік пошта күні ретінде Пошташылардың дүниежүзілік одағының 1969 жылы Токиода өткен конгресінде жария етілді. 1874 жылы 9 қазанда Швейцарияның Бьерне қаласында 22 елдің өкілдері Бас пошта одағының негізін бекітетін Берн келісіміне қол қойды. 1878 жылы одақ өз атауын өзгертіп, Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) деп атала бастады. Бүгінгі күні ДПО-ға 189 мемлекет мүше. Бүкіл әлемде 9 қазаннан бастап халықаралық хат апталығы өткізіледі.
Самат ӘБДІШ.
Пікір 2