№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ажары артқан Аққұмда

Ажары артқан Аққұмда



Ауданымыздағы шағын ғана түтін­нен тұратын Аққұм ауылында биыл бірін­ші рет ауыл тұрғындарының науры­зы мектеп ауласында ұйымдастырылды.
Жалпы аққұмдықтар үшін соңғы бесжылдық толайым жақсылық пен жаңалыққа толы болды. Ең бірінші қуаныш – ауылда типтік жобада жаңа мектеп бой көтерді. Ауыл балары кең де жарық, жылуы жақсы, интернетпен қамтылған заманауи мек­тепте білім алуда.

Екіншіден, бұл ауылда жылдар бойы жол мәселесі өте қиын болып келген болатын. Трассадан ауылға бұрылатын көліктер жаңбырда балшыққа батып, барар жеріне жету мұң болған күндер талайдың жүйкесін жұқатты. Сол жолдарға тас төселіп, ретке келтірілсе өткен жылы асфальтталып, тақтайдай жолмен әп-сәтте жетіп баратын болдық. Міне, осындай жетістіктерге қол жеткен ауылда Наурыз тойы жоғары деңгей­де ұйымдастырылғанын көзбен көріп оралдық.
Мектеп басшылығына жаңадан бар­ған жас Нариман Жакудаев ауылдағы алтын ұяда жақсы дәстүр қалыптастыр­маққа ауыл үлкендерінің басын қосып, батасын алуға ниеттеніпті. Алдын-ала құрылған ақ отаудың айналасын ұлттық нақышта безендіріп, мектеп ауласына кең жайылған дастархан көпшіліктің дайындағы ас мәзірімен берекесі артып, ауыл тұрғындары мерекеде бір кісідей бас қосты. Ел ағасы Тілеухан Мүсілімов құттықтау сөзін айтып, ақ батасын берсе, ауыл имамы Кәдірбек Әуелбеков құран бағыштады.
Келесі кезекте мектептің өнерпаз оқушылары «Шаттық» биімен ортаны толтырды. Одан әрі Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасыр қонаққа келіп, ұлттық мерекенің мазмұнын арттыр­ды. Ал бастауыш сынып бүлдір­шін­дері «Наурызкөк» құсы жайлы көрі­ністі тартымды бейнелеп берді. «Қы­мыз­мұрындық» дәстүрі мектептің қыз­меткерлері мен жоғары сынып оқу­шылары сахналауында жарасымды көрініс тапса, ардагер ұстаз Нәзікай Шораеваның қолынан шәкірттері ша­шуға ие болды.
Бір қуаныштысы, осы жылдан бас­тап ауылдағы №221 негізгі мектебі он жылдыққа айналды, келер жылы он бірінші сыныпта оқытып, бірінші сыныпта құшағына қабылдаған төл шәкірттерін өзі қанаттандырып шыға­рып салуға мүмкіндік туып отыр. Міне, соның нәтижесінде бүгінгі наурыз ме­рекесінде кеудесі көк тіреген бозбала мен бойжеткеннің салтанатты тұрқы туған жер тұрғындарын қойып, сырттан барған біздің де көңілімізді елжіретті.
Барлығымыз болып мектеп оқу­шылары орындауындағы «Наурыз-көк­тем», «Қазағымның дәстүрлері-ай» әні­не қошеметпен қол соқтық. «Бере­келі дастархан», «Қара жорға» биі компо­зициялық құрылымының әсемді­гімен көрермендерге эстетикалық шабыт сыйлады.
Бір дастархан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған ауылдағылар жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татып, арқа-жарқа көңіл-күйлдерін жасырмады.
22 наурыз 2023 ж. 192 0