№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көктемгі дала жұмыстарына дайындық пысықталды.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық пысықталды.



Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі Абдраимов Тәттімбет Тұрғалиұлы ауылдық округ аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен кездесті.
Кездесу барысында көктемгі дала жұмыстарына қажетті техникалар мен жанар-жағармайлар пысықталып, Сырдария өзенінің төменгі ағысына алдағы уақыттарда жіберілетін судың көлемі азаюы мүмкін деген болжамға сәйкес, шаруалардың биік танаптарға күріш егістіктерін орналастырмау, ішкі каналдарды тыңғылықты тазалау жұмыстарын жүргізу керектігі түсіндірілді.
Аудан көлемінде азық-түлік қымбатшылығының алдын алу мақсатында жасалып жатқан жоспарларға сәйкес, әртараптандыру бағытында жұмыс жасап, картоп және көкөніс өнімдерін орналастыру қажеттілігі жөнінде шаруа қожалық жетекшілерінің назарларына жеткізілді.
08 наурыз 2023 ж. 266 0