№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақстанда 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр

Қазақстанда 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр



2022 жылдан бастап Ұлттық статистика бюросының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар арасында ең бай адамдарды анықтау шкаласына өзгеріс енгізді. Қазір ауқатты кәсіпкерлер мен тәуелсіз жұмысшылар санатына ену үшін 2021 жылғыдай 500 мың теңге емес, 1 млн теңге табыс болуы керек,
Қазақстанда барлығы 8,9 млн жұмыспен қамтылған адам бар. Оның 6,8 млн-ы жалдамалы жұмысшылар, 2,1 млн-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ұлттық статистика бюросының мамандары соңғы санатқа жеке кәсіпкерлерді, әр түрлі жеке серіктестіктер құрылтайшылары қатысушыларын, өндірістік кооперативтердің мүшелерін, жеке жұмыс істейтін адамдар мен жеке шаруашылық өнімін сататындарды жатқызады.
Швейцариялық Credit Suisse (CS) банкінің әлемнің әртүрлі елдеріндегі әл-ауқат деңгейі туралы Global Wealth Report 2022 аналитикалық есебінің деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың соңына қарай Қазақстандағы долларлық миллионерлердің үлесі республиканың ересек тұрғындарының 0,3%-ын құрады. Абсолютті түрде бұл 36,9 мың адам. 2020 жылмен салыстырғанда мұндай деңгейдегі қазақстандықтардың саны 50,9% өсті. Пандемияның бірінші жылында байлығын миллиондаған АҚШ долларымен өлшейтін байлар, дереккөзге сүйенсек, елде 24,5 мың адам болған.
01 наурыз 2023 ж. 160 0