» » Ұстаз жәбірі әке ақылынан артық

Ұстаз жәбірі әке ақылынан артық



Ең алдымен «басында бұлағы бар өзен ең ұзақ ағады» дегім келеді. Сондықтан ананың ақ сүтімен сіңетін – тәрбие. Атаананың тәрбиесі баланың бүкіл болмысына әсер етеді. Кейбір ата-аналар «өзімізде болған жоқ» деп баласын үлпілдетіп айтқанын орындап өсіреді. Сонда бұл баланың мінезі ата-анаға тек қаржы көзі және тұтынушы ретінде қалыптасады. Басына іс түскенде ол бала жол таппай, іс-қимыл жасай алмай қалады. Кей кезде балаға қаталдық керек. Бірақ қатыгездік емес. Оның арасы жер мен көктей. Бала қорыққанынан бағынады. Бірақ іштей қарсылық көрсете береді. Тек ата-ана емес, қоғамға деген қатыгездігі өршиді. Сондықтан ең бастысы ата-ана баламен дос болуы керек. Аудан көлеміндегі Әйтілеуовтер, Жүнісовтер, Ташимовтер отбасы сынды жанұялардың істәрбиелеріне сүйсінесің. Біздің әкешешеміз күнделікті өткен сабақтан сұрақ беріп тексеріп отыратын, ал жауап бермеген жағдайда сен сабақты тыңдамағансың дейтін. Соған дағдыланғанбыз, мектепте өткен сабақтарды қайталап айтып береміз. Сонда ғана әкеміздің көңілі толатын. Осыдан біраз жылдар бұрын аудан орталығындағы бір мектептің оқушысы кешкі сағат жетіде жеңіл автокөлікпен келе жатып соқтығысып, содан баланың атаанасы мектептің басшылығының, сынып жетекшісінің үстінен арыз жазған. «Мектепте дұрыс тәрбие жоқ», – деп, бұл аудан әкімдігінің жанындағы комиссияда қаралды. Мен сөз алып «Бұл жерде мектептің қандай кінәсі бар. Неге ата-анасы кәмелет жасқа толмаған балаға көлігін айдатады. Бұл жерде ата-ана кінәлі. Неге баласын тәртіппен ұстамайды? Ата-ананың жауапкершілігіне дұрыс заң қолданылмаса қалай болады? Әділеттілік жолын іздейік» деп білім саласы қызметкерлерін қорғауға тура келді. Ал атаанаға жауапкершілікті күшейтті. Жақында жасы кәмелетке толмаған оқушы біреудің жеңіл автокөлігін айдап кеткеннен жол қауіпсіздігін сақтайтын полициялардың көзіне түскен. Атаанасы айыппұл арқалады. Мен №51 Мұхамеджан Қаратаев атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасымын. Бұл мектептің білім беру, оқушыларға тәрбие беру жөніндегі жұмыстарын мақтан тұтамыз. Ата-аналардың жиналысы жиі өтіп, ата-анамен пікірлесіп, оқушылардың жағдайын жасауға көп мүмкіндіктер жасалған. Қайырымдылық шаралары жиі өтіп, тұрмысы төмен отбасыларына жүйелі түрде көмектер беріліп отырады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деген нақыл сөз бар. Менің Думан деген немерем кезінде «Қайсар» футбол командасының капитаны болып ойнаған. Қазір «Барыс» футбол командасында ойнап жүр. Қазақстан футбол құрамасына да шақырылды. Қазір тәртіптің арқасында еңбектері зая кеткен жоқ. Мұны айтып отырған себебім, ата-аналардың дұрыс тәрбиесі ұстаздардың білім беруіне көп демеу. Баланың дұрыс білім алып, азамат болып өсуіне білім саласының қызметкерлерінің үлесі үлкен. Бұл жерде айтуымыз керек, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовтың қоғамдық жұмыстарға қамқорлығы үлкен. Әсіресе мектептерде қазақ тілінің дамуына мол үлесін қосып келеді. Ата-аналар комитетінің жұмысына да үлкен назар аударып отырады. Сондықтан ата-аналар қай уақытта болмасын білім саласына көңіл бөліп, көмектесе жүргеніміз абзал.

                                                                                                                                                Ізәтілла Нәрзілда
21 ақпан 2023 ж. 232 0