№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Мен кәсіпкер» жобасына маман іздейді

«Мен кәсіпкер» жобасына маман іздейді



Міндеттері:
«Мен кәсіпкер» құралының шеңберінде қызмет алушылардың қажеттіліктерін зерделеу және қажет көмекті анықтау;
Кәсіпкер әйелдердің тәлімгерге қажеттілігін анықтау, Орталық аппаратқа өтінімді қалыптастырып жолдау;
Орталыққа жүгінген қызмет алушыларға кеңес беру, ең өзекті мәселелерін және қажеттіліктерін анықтау және сұраныстарын қалыптастыру. Сұраныстарға сәйкес мәліметтер қорын жүргізу;
Кәсіпкерлердің оқуға қажеттіліктерін анықтау, оқыту тақырыптары бойынша сұраныстарды жинақтау, оқытуға өтінімдерді қалыптастыру және Орталық аппаратқа жолдау;
«Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асыруға атсалысу, Бренд-комитеттерінің жұмысына қатысу;
Құжаттарды дайындау (ақпараттық мақалалар, анықтамалар және басқа құжаттар);
Есептерді құрастыру және ұсыну;
Қызметтерді сатып алуға атсалысу.
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:
заңгерлік немесе экономикалық жоғары білімнің болуы;
Кәсіпкерлікті қолдау және/немесе консультациялық қызметтер көрсету саласында және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Нормативтік құқықтық актілерді (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" ҚР Заңы және т. б.), сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
Бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды білу;
Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген, іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу;
Дербес компьютермен толық жұмыс жасай білу, Internet, Microsoft Office – Word тәжірибелі пайдаланушысы; міндетті: сенімді Excel пайдаланушысы (Жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
Facebook, Instagram, "WhatsApp Messenger", "Telegram Messenger" әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;
Іріктеуге қатысушылардың артықшылықтары: әйелдер қауымдастықтарында және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыруда жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік желілер маркетингінде (SMM) тәжірибенің болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
жеке куәліктің көшірмесі;
2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша менеджер-кеңесшісі ретінде іріктеуге қатысуға өтінім;
"2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба" шеңберінде менеджер-кеңесшісін іріктеу тәртібіне 3-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ізденушінің сауалнамасы;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек шарты және/немесе техникалық ерекшелігі бар өтеулі қызмет көрсету шарты;
жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
Өтінім нысанын, сауалнаманы және іріктеуге қатысу шарттарын (қаржылық емес қолдау шаралары туралы Ережеге сәйкес) Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының келесі мекен-жайы бойынша ақпарат алуға болады: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, №123, тел. 8 /7242/400981, қағаз жеткізгіште немесе электрондық пошта арқылы сұрау салу бойынша электрондық түрде n-finsupport.kzo@atameken.kz поштасына жіберуге болады,
ӨКП-дағы байланыс тұлғалары:
Алушаева Асель Гайдуллаевна - кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы: 8 (7242) 400981,400202.
Шоникова Салтанат Болатбековна - кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы: 8 (7242) 400981,400202.
Өтінімдер 2023 жылғы 22 ақпан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
15 ақпан 2023 ж. 220 0