№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары туралы

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары туралы


Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы кеңесшілерімен осы жылдың 10 айында 1810 кәсіпкерлік субъектісіне 2136 қызмет көрсетілген. Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының аудандардағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілер 10 айда 4462 тұлғаға 8069 кеңес берген.

Бүгінгі сұхбатымызда кәсіпкерлерге көрсетілетін сервистік қызметтер, Палата жанындағы, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының қызметі туралы айтпақпыз. Сауалдарымызға Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева жауап береді.
- Гүлнұр,  сәлеметсіз бе. Біз көбіне кәсіпкерлердің алған сервистік қызметінің санын айтамыз. Жалпы осы сервистік қызметтерге қандай қызмет түрлері кіреді?
-Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұлғаларға сервистік қызметтер көрсетіледі. Сервистік қызмет бізде 8 қызмет түрі бойынша ұсынылады. Олар бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау қызметтері, кеден рәсімдері бойынша қызметтер, кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу, заң қызметтері, маркетинг сұрақтары бойынша қызметтер, ақпараттық технологиялардың қызмет көрсетуі саласында кеңес беру қызметтері, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын қолданушылардың сатып алулары бойынша қызметтер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметтер. Мәселен, кәсібін енді ашып жатқан азамат бухгалтерлік есепті жүргізуді, оны тапсыру мерзімін, тәсілдерін біле бермеуі мүмкін. Бұл қызметтерді Кәсіпкерлер палатасының мамандары тегін, кедергісіз тапсырып бере алады. Кәсіпкер ретінде қалай, қайда тіркелу керек, жарғылық құжаттарды қалай дайындау қажет деген, сондай-ақ өзге де сауалдар бойынша заңгер-кеңесшімізге жүгінуге болады. Декларацияларды толтыру, өнімдерді экспортқа шығару үшін қажет құжаттарға қатысты сұрақтарға кедендік рәсімдер бойынша кеңесші жауап береді. Енді кәсібін бастағысы келіп жүрген азаматтар жобасына қаржы алу үшін қаржы институттарына барғанда қолдарына жинақталуы тиіс құжаттардың тізімі беріледі. Алайда бизнеске енді келіп жатқан жандар қай құжатты қай жерден алу қажеттігін толық біле бермейтін кездер кездеседі. Бұл сауалдар бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жобаларды сүйемелдеу жөніндегі кеңесшігі жүгіне алады. Кәсіпкерлер палатасының барлық кеңесшілері кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес береді.
Тағы бір айтып өтетін жайт, сервистік қызметтер онлайн және офлайн режимде көрсетіледі. Онлайн режимде кеңес алу үшін www.services.atameken.kzпорталына тіркеліп, қажетті қызмет түрін таңдай отырып, қажетті сауалын қоя алады. Ал офлайн қызмет Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында (аудандарда да филиал жұмыс жасайды) бухгалтерлік, заңгерлік, маркетинг сұрақтары бойынша, сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу – барлығы 4 қызмет бойынша көрсетіледі.
- Ендігі бір мәселе, кәсіпкерлерге сервистік қызметтерден өзге, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кеңесшілер кеңес те береді. Ол кеңес түрлеріне не жатады?
- «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты қаржылай емес қолдауды көздейді. Бұл бағыттың ресми операторы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Қаржылай емес қолдау аясындағы қызметтер аудандар мен Байқоңыр қаласында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында, Қызылорда қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында көрсетіледі. Аталмыш орталықтарда жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік бағдарламалар, қолдау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат ала алады. Ол жерде арнайы менеджер-кеңесшілер отыр. Кеңесшілер «Қандай қаржы ұйымынан, қанша пайызбен, қандай мемлекеттік бағдарлама аясында несие алуға болады? Қандай құжаттарды, қайда тапсыру керек?», - деген мәселелер аясында кеңес береді.
-   «Кәсіпкерлер үйіне» келетін азаматтарды толғандыратын бір сауал бар – бұл жерде екі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. Олардың негізгі міндеттері қандай? Бір-бірін қайталамай ма?
- Дұрыс айтасыз. Бізге келген кәсіпкерлер кейде шатасып қалатын жағдайлар бар. Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары, жаңа сұхбатымда айтып өткендей, 8 қызмет түрі бойынша сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Ал Кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанындағы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жердің нысаналы мақсатын өзгерту, коммуналдық қызметтерге қатысты техникалық шарттар алып беру қызметтерін көрсетеді. Бұл қызметтер арқылы біз бір-бірімізді толықтырып отырамыз.  
- Сұхбатыңызға рахмет. Жақсы, сау болыңыз.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
30 желтоқсан 2019 ж. 682 0