№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі

Сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі



Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтардың орны бөлек. Соның ішінде, құжатта «сотқа дейінгі хаттама» жобасының қарастырылуы тараптарды ортақ келісімге келтіру мәселесіне заңды тұрғыда жан-жақты мән берілгенін көрсетеді. Сотқа дейінгі хаттаманың дауды бейбіт шешуден басқа да тиімді тұстары баршылық.
Бұл жаңашылдық тараптарды тәртіпке келтіреді және сотқа шағым бергенге дейінгі дәлелдемелер жинауға жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тараптарға талап қою арызы өндіріске қабылданғанға дейін екінші тарап ұсынған дәлелдемерді білуге және татуласу жағдайын қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда талап он бес жұмыс күн өткеннен кейін соттың өндірісіне қабылдануы мүмкін. Ал әдеттегі талап қою арызы бес жұмыс күш ішінде қабылданады.
Тәжірибе көрсеткендей, тараптар жаңалықты ықыласпен қабылдамайды. Кейбіреулер сотқа дейінгі хаттама туралы мүлдем естімеген. Бір кездері медиация институтымен де осындай оқиға болған. Көбісі ол туралы естігілері келмеді. Алайда, уақыт оның тиімділігі мен пайдасын көрсетті. Сотқа дейінгі хаттамамен де осылай болады деген үміттеміз. Халық оның пайдасы мен тиімділігін түсінетіні анық.
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Алма Оразбаева
14 ақпан 2023 ж. 171 0