№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты парыз

Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты парыз


Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» деп Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат. Соңғы уақыттары ел арасында баланы тәрбиелеу қиындап барады, айқанымызды істемейді, тым ашуланшақ, мейірімсіз деген пікірлер жиілеп кетті. Ақиқатында, бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді.


Осындай уақытта отбасы мен балабақша бірлесіп тәрбиелеген бала – жеміс берген ағашпен тең түсетінін ескерген жөн. Бұлай деуімнің себебі, жаңа отырғызған бұтақ пен бала бойындағы қасиеттер ұқсас келеді. Ең алдымен бұтақты отырғызбас бұрын, топыраққа үлкен мән беру керек. Сол сияқты мықты отбасы пайда болмас бұрын, екі жастың бойында бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет болса, міне, осылардың барлығы құнарлы топырақ сынды. Жаңа отырғызылған бұтақтың нәзіктігіндей отбасында да түйнегі таза өркен дүние есігін ашады. Бұтақ – ағашқа айналып, қисық бұтақтарын шығара бастайды, онымен қоса, жан – жағына арам шөптер өседі. Сол сияқты, сәби балабақша жасына жеткенше өз бойына бірнеше қасиеттер жинап үлгереді. Олар: жылауық, қырсықтық, еркелік, дәл сондай күйде көптеген бала балабақша табалдырығын аттайды. Яғни, ағаш өсіруші бір ғана бағбан болса, бала тәрбиесіне жауапты отбасы мен балабақша болып есептеледі. Бағбан ағашының қисық бұтақтарын кесіп баптаса, тәрбиеші де дәл сол сияқты бала бойындағы теріс әрекеттерін, түзеуге кіріседі.
Ағашқа су құйып, жылуын беріп, баптаған секілді, тәртіпке баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндеу міндет. Міне, сол кезде бүлдіршіндер жақсы қасиеттерді бойына жинап, өзгелерге үлгі көрсете бастайды. Баланың бос уақытын ұйымдастыруда жанұяның ықпалы зор. Бала бақшада күніне сегіз сағат болса, басым бөлігі үйде болады. Баланың жағымсыз іс - әрекетке баруы, өтірік айтуы және қылмыс жасауы, ата-ананың қадағаламауынан. Ата-анасына көмектескен, еңбекке ерте араласқан бала теріс жүріске бармайды.
Сөзімді қорыта келгенде, «Бағ­банның ағашы, балабақшаның баласы», яғни, біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты екенімізді жадымызда ұстасақ игі.

Самал Жамалханова,
«Болашақ» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

04 ақпан 2023 ж. 327 0