» » Ерекше балалармен жұмыс

Ерекше балалармен жұмыс


Осындай уақытта отбасы мен балабақша бірлесіп тәр­биелеген бала – жеміс берген ағашпен тең. Бұлай деуімнің себебі, жаңа отырғызылған бұтақ пен бала бойындағы қасиеттер ұқсас келеді. Ең алдымен бұтақты отырғызбас бұрын, топы­раққа үлкен мән беру керек. Сол сияқты мық­ты отбасы пайда болмас бұрын, екі жастың бой­ында бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйлас­тық, құрмет болу керек, міне, осылар­дың барлығы құнарлы топырақ сынды. Жаңа отырғызылған бұтақтың нәзіктігіндей отбасында да түйнегі таза өркен дүние есігін ашады. Бұтақ – ағашқа айналып, қисық бұтақтарын шығара бастайды, онымен қоса, жан – жағына арам шөптер өседі. Сол сияқты, сәби балабақша жасына жеткенше өз бойына бірнеше қасиеттер жинап үлгереді. Олар: жылауық, қырсықтық, еркелік, дәл сондай күйде көптеген бала балабақша табалдырығын ат­тайды. Яғни, ағаш өсіруші бір ғана бағбан болса, бала тәрбиесіне жауапты отбасы мен балабақша болып есептеледі. Бағбан ағашының қисық бұтақтарын кесіп баптаса, тәрбиеші де дәл сол сияқты бала бойындағы теріс әрекеттерін, түзеуге кіріседі.
Ағашқа су құйып, жылуын бе­ріп, баптаған секілді, тәртіпке бау­лу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндеу міндет. Міне, сол кезде бүлдіршіндер жақсы қасиеттерді бойына жинап, өзгелерге үлгі көрсете бастайды. Үлкен еңбектен кейін ағаш жеміс бергені секілді, тәрбиешінің атқарған жұмысының нәтижесі көрініс табады. Бұдан шығатын қорытынды: ағашты қалай ексең, солай өседі.
Баланың бос уақытын ұйым­дас­­тыруда жанұяның ықпалы зор. Мектеп­те оқушы күніне алты сағат болса, үйінде он сегіз сағат болады. Баланың жағымсыз іс - әрекетке баруы, өтірік айтуы және қылмыс жасауы, жанұяның қадағаламауынан. Ата-анасына көмек­тескен, еңбекке ерте араласқан бала теріс жүріске бармайды. Дүниеге келген нәресте ар-ұяты кем, құқық бұзушы болып тумайды. Жанұяда тәр­биеден қателіктер салдарынан қиын бала туындайды. Көбіне көңілшек ата-ана баласын ешнәрсеге үйретпейді, еңбек атаулыдан қорғаштайды, еңбек адамын құрмет тұту тағылымын естен шығарады.
Тағы бір кемшілігіміз, баламыз не қаласа соны алып беруді мақтаныш көреміз. Өзіне керектінің бәріне оңай қол жеткізген балдырған бойында оның қандай еңбекпен келетініне бас ауыртпайтын менмендік пайда болады. Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе – өскен орта, ата-ана тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас жолдастың азғырып, не түрлі мінезді жұқтыратыны белгілі. Отбасының жылуын көрмеген ата-ананың махаббатына бөленбеген бала жаны қатыгезденіп, қылмыстық жолға бейімделетінін мұғалімдерге түсіндіру артық болар, – дейді. Бұл сөз ата-ана­ға үлкен жүк артады.
Сөзімді қорыта келгенде, «Бағ­банның ағашы, балабақшаның баласы», яғни, біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты екенімізді ұмыт­пайық дегім келеді.
05 шілде 2023 ж. 301 0