Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жүк тасымалының көлемі артты

Жүк тасымалының көлемі артты




Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфра­құрылым­дық жобалардың іске асырылуы жөнінде баян­далды. Үш жылда барлығы 1 285 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Бұл жүк та­сы­малының кө­лемін ұлғайтып, еліміздің экс­порт­тық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол құры­лы­сында пайдаланылатын қазақ­стан­дық өнім­дер мен қызметтердің үлесі – 85 пайыз.
Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» бас­шысы Президентке халықаралық көлік дәліз­дерін дамыту және Ақтау, Құрық теңіз портта­рының өткізу қабілетін кеңейту жұмыстарының барысы, сондай-ақ шетелдік ірі көлік-логисти­калық компаниялармен ынтымақтастық мәсе­лелері жөнінде айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы темір­жол инфрақұрылымын дамытуға және жаң­ғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді
29 қаңтар 2023 ж. 557 0