№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінде өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

Сыр өңірінде өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

Қызылорда облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 282,3 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызға өсті. Басым бөлігі, яғни 47,8 пайызы пайдалы қазбалар өндірісіне тиесілі.
Ал ауылшаруашылығының өнім көлемі 22,9 млрд.теңгені құрайды. Мәселен, жыл басынан бері 14,2 тонна құс еті, сүт өнімі 32,4 мың тонна , 2,5 млн. дана жұмыртқа өндірілген.
Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 49 671 құрап, 107,3 пайызға артты. Еліміздегі өңірлердің ішінен 2 орынға көтерілді.
Сондай-ақ, биыл индустрияландыру бағдарламасы аясында 48,5 млрд. теңгені құрайтын, 4 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, табақша шыны шығару және өңдеу зауыты, қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру, ас тұзын өндіру, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі. Жоба аясында 506 жұмыс орнын құру көзделген.
Айта кетейік, аймақта жыл басынан бері 13 571 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыспен 4176 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 7752, жастар тәжірбиесімен 922 , әлеуметтік жұмыстарға 721 адам жіберілді. Ал қаңтар-наурыз айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 194 678 теңгені құрады.
Мұнан өзге, облысқа тартылған инвестиция көлемі 106,7 пайызға артты. Инвестиция көлемінің өсу себебі Жаңақорған ауданындағы күн электр станциясының құрылысы, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үйлердің құрылыстарын салу, қалалық және аудандық маңызы бар жол құрылыстары және Жаңақорған ауданында авто жанармай құю бекетінің құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, облыстағы құрылыс жұмыстарында да өсу қарқыны байқалды. Республика бойынша 2 орынға тұрақтады. Яғни, құрылыс жұмыстарының көлемі 14,8 млрд. теңгені құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 162,5 пайызға өсті.
27 маусым 2021 ж. 1 348 0