№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақпарат министрлігі әлеуметтік желіні қалай қадағалайды

Ақпарат министрлігі әлеуметтік желіні қалай қадағалайды

Елімізде әлеуметтік желілердегі жарияланымдар қалай қадағаланатыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровқа «Министрлік әлеуметтік желілердегі ақпараттарды қадағалау мақсатында қандай жұмыстар атқарып жатыр?» - деген сауал қойылды. 

«Егер әлеуметтік желілерде құқық бұзушылық жасалса, ол заң аясында қаралады. Мемлекеттің тұтастығына, Конституцияға қайшы, ұлтаралық және дінаралық араздық туындататын жазба болса, біз оны құқық қорғау органдарының қарауына ұсынамыз. Желідегі жазбаның заңға қайшылығы дәлелденген жағдайда бұғатталады», - деп жауап берді министр орынбасары.

Одан бөлек, вице-министр әлеуметтік желілердегі суицид және ЛГБТ туралы жарияланымдарға қатысты пікір білдірді.

«Министрлік аталған мәселелерді заң шеңберінде қадағалап отыр. Қазір мас-медиа туралы заң қоғамның ашық талқылауынан өтіп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік желілер жұмысы да бар. Жаңа заң жобасы 27 қаңтарға дейін ашық талқыда болады. Сондықтан, ұсыныстар болса қарауға әзірміз», - деді Данияр Қадыров.

21 қаңтар 2023 ж. 188 0