Қызылорда облысында білім саласы қызметкерлері медициналық тексеруден тегін өтетін болады
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХIV сессиясының шешіміне сәйкес, аймағымыздың мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын ұстаздар 2023-2024 оқу жылында медициналық тексеруден тегін өтетін болды.
Бұл мақсатта облыс әкімінің қолдауымен бюджеттен 90 млн-нан астам қаржы бөлініп отыр.
Айта кетейік, өткен жылы медициналық тексеруден өту тек балабақша қызметкерлеріне ғана тегін болып келсе, енді биылдан бастап білім саласы қызметкерлері толық қамтылады.