» » 2022: аудандағы жарқын жобалар

2022: аудандағы жарқын жобалар


Ауданда барлық маңыздағы жолдарды жөндеуге 920 млн теңге, оның ішінде облыстық маңызы бар 4 автомобиль жолын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 528,4 млн теңге, 17 елді мекеннің 19 көшесін орташа жөндеуге 390,9 млн теңге бөлінді. Ал білім саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде заманауи үлгіде 600 және 300 орындық екі мектеп пен 1 балабақша құрылысы жүргізілуде. Байкенже ауылы тұрғындарының сұранысы бойынша жаңа білім ошағын тұрғызуға облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар жалпы құны 472 млн теңге болатын 150 орындық 2 клубтың құрылысы салынуда.
Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жағдайына келсек, Жаңақорған кенті 100 пайыз газбен жабдықталып бітті деуге негіз бар. Енді елді мекендерді де кезекпен газбен қамту жобасы әзірленуде. Биыл Бірлік пен Қыраш елді мекендеріне газ апару жұмысына 681 млн теңге қаржы бөлінді. 2023 жылға Кейден, Құттықожа, Шалқия, Төменарық, Жайылма елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 3,5 млрд теңге қаржы бөлініп тұр. Мердігер дайын.
Биыл ауданда 11 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 108 802 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызға жетті. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 75 402 млн теңге болып, 112,1 пайызға орындалды.
Аудандағы егін шаруашылығымен айналысатын құрылымдар 36 777 гектарға егіс екті.
31 желтоқсан 2022 ж. 345 0