» » Ел болып сәттілік тілейміз

Ел болып сәттілік тілейміз

   Енді қазақ елі болып көп қолдауымен атқа қонған айбарлы тұлғамыздың табанды тірлігіне тілектес болып, жаңа Қазақстан құру жолындағы жарқын қадамдарына жәрдем беруге тиіспіз.
  Бүгінгі Елорда төрінде өткен президентті ұлықтау рәсімінде ол еліміз үшін аса маңызды қадамдарды уақыт оздырмай, босаңсымай, дәл бүгіннен бастау қажеттігін нықтап айтты. "Қызмет- уақытша , халық- мәңгі. Мен президенттік мисссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыройымен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің отанымыз- бір, мемлекетіміз- бір, халқымыз- бір. Сондықтан әрқашан бірге болайық,ағайын!" - деуі барлығымызға міндет артады.
  Президент болған үш жыл ішінде ол өзін көреген саясаткер, тәжірибелі дипломат, нағыз бітімгер ретінде көрсетті. Ол кісінің басқарушылық қасиеттерін қазақстандықтар ғана емес, әлем жұртшылығы да жоғары бағалайды. Өйткені ол өзін халқымыз үшін  тағдырлы шешімдерді қабылдай алатын жоғары кәсіби басшы ретінде танытты. Сондықтан да ол кіісінің алға қойып отырған мақсаттарының шынайы жүзеге асатынына біз толық сенім артамыз.
26 қараша 2022 ж. 194 0