Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Министрдің Сыр өңіріне сапар бағдарламасы Қызылорда облысы әкімімен кездесуден басталып, одан кейін Ана мен бала орталығына, облыстық жедел жәрдем станциясына барумен жалғасады.
Бірінші күн ішінде ведомство басшысы халықпен және азаматтық сектор белсенділерімен есептік кездесулер өткізуді жоспарлаған. Сонымен қатар қызылордалық азаматтарды жеке қабылдайтын болады. Оған қоса, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг беруді жоспарлап отыр.
Бұдан әрі, Ажар Ғиният Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде орналасқан Қазақ республикалық лепрозориясы мен Шиелі ауданындағы бірқатар ауылдық денсаулық сақтау нысандарына баруды жоспарлауда.