Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Аңсаған сәби»: 2 300 бала дүниеге келді

«Аңсаған сәби»: 2 300 бала дүниеге келді


«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 2 300 бала дүниеге келді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды
 ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және дисциплинарлық бақылаумен қамту 82 пайызды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде 3 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, көптен күткен 2 300 бала дүниеге келді», – деді министр «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жайында баяндай келе.

Ажар Ғинияттың атап өтуінше, балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп топтары бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Перенаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді.

«18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді перенаталдық скринингпен қамту алты айдың ішінде 6 пайызға өсті», – деді ол.
21 қыркүйек 2022 ж. 593 0