№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады


Kyzylorda-news.kz.
 «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бедеулік салдарынан отбасылық жұптардың 20 пайызыы ажырасып жатқанына, отбасылық-демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр осы бағдарлама арқылы 7 000 әйелге қосалқы репродуктивтік технологиялар қолжетімді болды. Нәтижесінде 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды. 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалғасатын болады», – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
01 маусым 2022 ж. 749 0