» » “Меломен” тобы Жан Ахмадиевке атышулы Байзақованы сабауға кеңес берді

“Меломен” тобы Жан Ахмадиевке атышулы Байзақованы сабауға кеңес берді


“Меломен” тобы “жезөкшелерді” қамшымен сабаған рэпер Жан Ахмадиевке қолдау білдірді. Тіпті, оның жаңа бастамасына сәттілік тілеп, алдағы уақытта атышулы Айжан Байзақова мен Ninety one тобын қамшымен сабауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл сөзге құлақ асқан жағдайда, Ахмадиевті үлкен сый күтіп тұр. “Меломендіктер” рэперге қамшымен бірге ат мінгізуге уәде берді.
“Ал Жандос (zhan_ahmadiev) бауырым саған жігіттер қамшы сыйлап жатса, жезөкшелер мен Байзакова сияқты ақымақтарды сабайтын болсаң, біз саған қамшымен бірге қосып мына атты сыйлаймыз! Атқа мін де қолына қамшыңды алып, Алматыны арсыздардан тазала! Жолда Ninety one-ды да сабауды ұмытпа!” – дейді топ жігіттері.
Бұл орайда Ахмадиев өзіне қолдау көрсеткен “Меломен” тобына деген ризашылығын білдірді.
“Меломен” тобының жігіттеріне алғысым шексіз. Қолдауларыңызға рахмет!” – деді ол.
05 мамыр 2018 ж. 877 0